қазақша · русский · english
 
 
 
06.03.2020

Ресей профессоры В.П. Синячкиннің дәрісі

 

2020 жылдың 4 наурызында аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты А.Рауандинаның қатысуымен «6M012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушылары RUDN университетінің орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей) профессор В.П.Синячкиннің дәрістеріне қатысты. Дәріс тақырыптары: «Мәдениет пен қоғамдағы тілдің өмірі: орыс тілін оқыту әдісі мен әдістемесі»; «Әлемнің тілдік бейнесі. Тіл үйрену процесінде тілдік сана бейнесін қалыптастыру ».

 

Сөйлесу форматындағы дәрістерінде В.П.Синячкин тілдік сананың бейнелерін психолингвистикалық көзқарас тұрғысынан қалыптастыру мен тілдік сананы қалыптастырудың лингвистикалық және мәдени аспектілері туралы, орыс тілін оқыту процесінде студенттердің лингвистикалық сана-сезімін қалыптастырудың әдістері мен құралдары туралы айтты.

 

Кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары орыс профессорының дәрістерін үлкен ықыласпен тыңдады, мұндай дәрістер студенттердің шынайы қызығушылығын тудырып қана қоймай, ғылыми жұмыстарына серпін береді.

 

   

 




Кері оралу