қазақша · русский · english
 
 
 
09.02.2016

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері  спорттық универсиада ойындарында 

07.02.2016 жылы «Ақбұлақ» спорт кешенінде VІ қысқы Республикалық Универсиадаға Абай атындағы ҚазҰПУ - дің барлық студенттері, магистранттары, профессор-оқытушылары толық қатынасып, слауатты өмір салтына өз үлестерін қосып,  Универсиадаға келген спорт шеберлерінің өнерін тамашалап қайтты. «Ақбұлақ» спорт кешенінде шаңғы жарысының ашылуын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов сөз алып, бұл іс-шара елімізде 2017 жылы өтетін Универсиадаға жолдама екенін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы іс-шараны жақсы ұйымдастырып, түскі аспен, барып келуін автобуспен тегін қамтамасыз етті.

 

Жалпы тіл білімі кафедрасы Е.М.Молдасанов




Кері оралу