қазақша · русский · english
 
 
 
10.02.2020

Мемлекет басшысының Абай туралы мақаласында латын графикасын енгізу мәселелері талқыланады

 

2020 жылдың 7 ақпан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Президенттің «Егемен Қазақстан» газетіндегі (09.01.2020) «Абай және ХХI ғ. Қазақстан» мақаласы бойынша пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры Жанат Дәулетбекова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөлімінің меңгерушісі, профессор Орынай Жұбаева, филология және көптілді білім беру институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов, академик С.Қирабаев ат. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, Назира Әміржанова, профессор Қаламқас Қалыбаева, кафедра мүшелері, докторанттар, магистранттар, т.б. қатысты. Ұстаздар мен тілші-ғалымдар Президент Қ. Тоқаевтың Абайдың 175жылдығына арнап жазған мақаласы төңірегінде пікір алмасты. Мақаладағы «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы», тақырыптары төңірегінде ой қозғалып, «Латын» ғылыми-практикалық орталығының директоры, п.ғ.д., профессор Фаузия Оразбаева «Мемлекеттік мүддені іске асыру барысындағы латын жазуы» тақырыбында хабарлама жасады. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мынандай шешімдер қабылданды:
1. Институттағы әр топ кураторлары студенттермен Президент мақаласын талқылап, жазумен байланысты пікір алмасу өткізілсін.
2. Магистранттар, докторанттар және «Сөзтаным» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы бойынша «Абай әлемі және ХХІ ғасырдағы жазу мәдениеті» және «Ғылым таппай мақтанба» тақырыптарында пікіралмасу өткісізсін.

 

   

 

   




Кері оралу