қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
 
 
   Главная / Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы

Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы

 

Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы - Алматы облысында дүниеге келген (13.07.1965 ж.). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саяси ғылымдардың кандидаты, профессор.
Білімі: жоғары:
1986-1991 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып, 1994 жылы аталған жоғары оқу орнының аспирантурасын тәмамдады. 2000-2002 жж. аралығында Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша және 2002-2005 жж. Қазақстан жол қатынастары университетінде жол қозғалысын басқару экономикасы мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
Жұмыс тәжірибесі: Ж. Е. Ішпекбаевтың еңбек жолы 1982-1983 жж. № 148 ОКТУ-дегі кең кәсіпті маман қызметінен басталды. 1983-1986 жж. Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1995 жылы Абай атындағы ҚазПИ қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, 1995-1997 жж. «Шабдар» баспасы директорының орынбасары, 1997-2008 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының көмекшісі қызметін атқарды. 2008 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры.
Ғылыми қызметі және ғылымдағы қызығушылықтары: Ж.Е. Ішпекбаев 5 монография, 4 оқу және оқу-әдістемелік құралы, 3 ғылыми басылым және 100-ден аса ғылыми мақалалардың авторы.
Солардың ішінде, «Мәңгілік ел осылайша сомдалған» атты ғылыми монографиясы (2016 ж.), «Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде жастардың ұлттық келбетін қалыптастыру» атты монографиясы (2015 ж.), «Политический консенсус как общегосударственная ценность Содружества Независимых Государств» атты монографиясы (2014 ж.), «Тәуелсіз мемлекеттер достастығында саяси консенсусты қалыптастыру» атты монографиясы (2014 ж.), «Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралы (2013 ж.), «Становление и развитие общегосударственного политического консенсуса в Содружестве Независимых Государств» атты монографиясы (2012 ж.) білім беру жүйесінде кең қолданысқа ие.
Ж.Е. Ішпекбаев Ханьшань педагогикалық университетінің құрметті профессоры (ҚХР).
Қоғамдық қызметі: Ж.Е. Ішпекбаев университет жанындағы Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының «Абай» БПҰ төрағасы. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасының орынбасары. Ол 2011 жылы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық қоғамдық штаб төрағасы қызметін атқарды. 2015 жылы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында және 2016 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі маслихаттары депутаттарының сайлауында Медеу аудандық Қоғамдық штабының мүшесі болды.
Мараппаттары:
- ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаттары (2006, 2008, 2011, 2016 жж.);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.);
- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалі (2015 ж.);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.);
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (ҚР БжҒМ 2016 ж.);
- «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (ҚР БжҒМ 2013 ж.);
- «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (ҚР БжҒМ 2009 ж.);
- ҚР БжҒМ министрінің білім саласындағы қызметі үшін Құрмет грамотасы (2008 ж.);
- «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсподағына сіңірген еңбегі үшін» күміс белгісі (ҚР БҒҚК 2015 ж.);
- «Қайырымдылығы үшін «Сауап» медалі (2010 ж.);
- «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» медалі (Ресей, 2012 ж.);
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дің қалыптасуы мен дамуына сіңірген еңбегі үшін «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісі (2012 ж.).
- Алматы қаласы Медеу ауданының 75 жылдығына орай «Медеу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» мерекелік төсбелгісі (2011 ж.);

 

 

 

 

 

 

 


← Кері оралу

 
 
Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер
  • Ұйымдастырушылық құрылым

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Нормативті - құқықтық құжаттар
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Дайындық факультеті
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Тәжірибе және жұмысқа орналасу бөлімі
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңберлері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Талапкерлерге
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Институттар мен факультет бойынша Ашық есіктер күндерінің кестесі
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті