қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындығы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы - Республикадағы қазақ тілі пәнінің мұғалімдерін, оқытушыларын және ғылыми кадрларды (бакалавр) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура, докторантура) даярлайтын кафедраның бірі. Осыған байланысты кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор Есенова Қалбике Өмірбайқызының жетекшілігімен «Интеллектуалды филолог маман дайындаудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбы аясында үш бағыт бойынша жүргізіледі:

1. Қазақ филология ғылымындағы жаңа бағыттар;
2. Қазақ тілі және әдебиетін оқытудың инновациялық жолдары;
3. Жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытудың әдістемелік, педагогикалық мәселелері.

Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқыту үдерісін байланыста жүргізіп келеді. Осыған орай ғылыми-зерттеу жұмысы бірнеше бағытты қамтиды:
- профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстары.
- студент, магистрант және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- ғылыми жобалармен жұмыс.

2016-17 оқу жылы кафедрада жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша оқу-әдістемелік кешен, ғылыми жинақ, монография, оқулық пен оқу құралдары жарияланды. Жалпы жарияланым саны - 120. Олар: Ғылыми мақалалар - 94. Оның ішінде: алыс шетелде - 10 (АҚШ, Франция, ҚХР, Түркия); жақын шетелде - 4 (Ресей, Қырғызстан); ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізіміндегі басылымдарда - 8; ҚР басқа басылымдарында - 17; Алыс шетел конференцияларының материалдарында - 8 (Греция, Түркия, ҚХР, Жапония); жақын шетел - 6 (Қырғызстан, Уфа); ҚР - 66. Импакт-факторлы журналдарда - 4.
Ғылыми монография - 2; Мектепке арналған оқулық, оқу құралдары - 7; ЖОО-на арналған оқулық -1 (электронды) және оқу құралдары - 2; ЖОО-на арналған оқу-әдістемелік құрал - 2.


Кафедра ұжымы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына да жетекшілік жасайды. Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұжымы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқыту үдерісін үнемі біртұтас байланыста жүргізіп келеді. Осыған орай студенттердің жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстары бірнеше бағытты қамтиды:
Кафедра ұжымының профессор-оқытушылар құрамы қазақ тілі мен әдебиеті салаларындағы жаңа бағыттар мен инновациялық технологияларға қатысты ғылымға бейімі бар студенттерге ғылыми зерттеулер жүргізуіне қолғабыс жасап, ғылыми жеткшілік жасап келеді.

 

Институтқа қарасты, сондай-ақ кафедраға бекітілген 5B011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 - «филология», 5В012100 - «қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері кафедраның ғылыми жоспарына сай ғылыми шығармашылыққа толығымен тартылған. Осы негізде ҒЗЖ (НИР) және СҒЗЖ (НИРС) жұмыстары өзара үйлестірілген. Кафедра жанында тұрақты жұмыс істеп келе жатқан студенттер мен магистранттардың ғылыми үйірмелері мен кеңестерінің жұмыс жоспары оқу жылы басында арнайы талқыланып, кафедра мәжілісінде бекітілген.


2018 оқу жылында Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары филология институтының қазақ бөліміндегі жақсы оқитын ғылыми жұмыстарға бейімі бар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне үнемі ықпал етіп, жекелеген студенттердің ғылыми баяндамаларына, курстық және дипломдық жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары үнемі жоспарлы түрде жүргізіледі. Осы арқылы бүгінгі студент болашақ мамандардың жан-жақты ғылыммен қаруланған, озық тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Жалпы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедрада үнемі басты назарда тұратын мәселелердің бірі болып табылады. Кафедра құрамы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын назарда ұстау арқылы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына үздіксіз тартып отырады.


Кафедра ұжымы республикалық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік бағдарламасы гранттық ғылыми жобалар негізінде «Үздіксіз білім беру жүйесінде қазақ тіл білімі салаларының теориялық және методологиялық негіздерін деңгейлік тұрғыдан саралау - адами ресурстарды дамытудың кепілі» (2009-2011) тақырыптар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарды.


2011 және 2015 жылдары университет ректорының гранты бойынша 5 жоба орындалды:
1. «Лингвистикалық терминдердің ғылыми методологиялық негізі». Ғылыми жетекші, п.ғ.д., профессор Ф.Ш.Оразбаева (2011 ж.);
2. «Кәсіби мамандарды дайындауға қатысты үш тілді меңгерудің әдістемесі мен технологиясы». Ғылыми жетекші, п.ғ.д., профессор Ф.Ш.Оразбаева (2012 ж.);
3. «Кәсіби филолог маман даярлау барысында латын графикасын игертудің әдіснамасы». Ғылыми жетекші, п.ғ.д., профессор Ф.Ш.Оразбаева (2013 ж.);
4. «Қазақстан Республикасы жоғары мектебі жағдайында ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру» ғылыми мега жобасы; Абай ат. ҚазҰПУ-дың ректоры, п.ғ.д., профессор С.Ж.Пірәлиев (2013 ж.);
5. «Білім беру жүйесіндегі online технологиялар: интернет кеңістігіндегі қазақ тілі және латын графикасы». Ғылыми жетекші, п.ғ.д., профессор Ф.Ш.Оразбаева (2014 ж.). атты университетішілік гранттық қаржыландыру жобаларын жеңіп, еңбек етті.


Кафедра оқытушыларының сыртқы ғылыми ұйымдардың ғылыми шараларына қатысуы: Ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыс аясында біліктілік арттыру, қайта даярлаудан өткізу мақсатында кафедра мүшелері ҚХР, Бейжин Орталық Ұлттар университетімен, Іле Қазақ педагогикалық университетімен, Шыңжан университетімен, Санкт-Петербург және Мәскеу педагогика институттарының ғалымдарымен жүйелі байланыста. Ресей Федерациясы білім саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау академиясымен (АПКиППРО РФ), шетелдік және отандық білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялар орталығымен, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен, Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығымен, Алматы қалалық, облыстық, республикалық халық ағарту бөлімдерімен, Республикалық «Өрлеу» оқу-әдістемелік орталығымен, мектептермен, Ы.Алтынсарин атындағы Республикалық Білім Академиясы және ақпараттық-талдамалы орталықтармен, ҚР Кіші Ғылым Академиясымен, республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазМемҚызПУ, қалалық, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлескен ғылыми-зерттеу, оқу әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырып келеді.


Ғылыми зерттеу жұмысы барысында мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп келеді. П.ғ.д., профессор Ф.Ш.Оразбаева - ҚР Білім және ғылым министрлігі Елбасының «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен білім беру сапасын арттыру мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшесі.П.ғ.д., профессор Ф.Ш.Оразбаева, п.ғ.д., п.ғ.д., доцент Ж.Т. Дәулетбекова, доцент Р.Рахметова, п.ғ.к., аға оқытушы А.Қ.Рауандина, аға оқытушы А.Юсуп және оқытушы Ж.Саметова - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХҮ съезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында ҚР білім және ғылым министрлігінің (24 сәуір 2014 жылғы № 302-3/879) бұйрығы бойынша мемлекеттік тілді білім беру саласында үздіксіз оқытуға бағытталған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау үшін құрылған жұмыс тобының мүшелері.


Ғылыми техникалық сараптау жұмыстарына ПОҚ құрамының тартылуы: п.ғ.д., доцент Ж.Т. Дәулетбекова - ҚР «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығында» ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы гранттық қаржыландыру аясындағы жобалар мен ғылыми-техникалық жобалардың сарапшысы. Кафедра жанында «Бойтұмар» және «Қажым Жұмалиев» атындағы ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Ғылыми үйірменің ұйымдастыруымен жыл сайын студенттердің дәстүрлі конференциясы, дөңгелек үстел және олимпиадалар өткізіліп тұрады.

 

«Латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді меңгертудің әдістемесі» жобасы

 

XXI ғасырдың ғылыми-ағартушылық парадигмалары: рухани құндылықтар аясындағы тіл және мәдениет

 

2018/2019 оқу жылындағы студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясы туралы ақпарат


Педагогикалық шеберлік орталығы - «Назарбаев зияткерлік мектептері»

1936
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler