қазақша · русский · english
 
 
 

 

2018 - 2019 оқу жылында халықаралық байланыс және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша орындалған жұмыстар


1.Университетің 90 жылдығына арнайы және докторантардың ғылыми кеңесшісі ретінде келген ғалымдардың тізімі (2-9.10. 2018 )

 

1

Анкара қаласы. Жаңа Түркия стратегиялық зерттеу орталығы

Білгеһан Атсыз, орталық басшысы, профессор, филология ғылымдарының докторы

Арнайы шақырылған қонақ

2

Анкара қаласы. Түрк тілі қоғамы

Гүрер Гүлсевин қоғам басшысы, ф.ғ.д., профессор. Измирдегі Еге университетінің профессоры.

6D021300  лингвистика докторант 3 курс Ерсұлтанова Гауһардың кеңесшісі

3

Измир қаласы.  Еге университеті

Фикрет Түркмен профессор, филология ғылымдарының докторы

6D021300  лингвистика докторант 2 курс

Ержан Арынның кеңесшісі

4

Фырат университеті

 

Ахмет Буран профессор, филология ғылымдарының докторы

6D021300  лингвистика докторант 1курс

Исаханова Қорланның кеңесшісі

5

Анкара қаласы. Гази университетінің

Хулия Касапоғлы Ченгел профессор филология ғылымдарының докторы

6D020500  филология

докторанты 2 курс Қалниязова Айнұрдың кеңесшісі

 

 

6

Польша Познань университеті

Гүлайхан Ақтай қауымдастырылған профессор, доктор PhD

6D011700  қазақ тілі мен әдебиеті  докторанты

2 курс Даутқұлова Ақмаралдың кеңесшісі

 

2.Шамғали Сарыбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференцияға және докторантардың ғылыми кеңесшісі ретінде келген ғалымдардың тізімі (23-30. 10.2018 )

 

1

Стамбул қаласы. Стамбул университеті

Мехмет Олмез профессор,

Филология ғылымдарының докторы

6D011700  қазақ тілі мен әдебиеті  докторанты

2 курс  Нүптекеева Гүлназдың кеңесшісі

2

 

Мұғла Сытқы Кочман университеті

Екрем Аян

доцент, доктор PhD

6D011700  қазақ тілі мен әдебиеті  докторанты

Юсуп Фархаттың ғылыми кеңесшісі

 

3.ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен дәріс оқуға келген ғалым

 

Фырат университетінің профессоры, ф.ғ.докторы

Ержан Алкая

 

Көне түркі тілі мәтініндегі ортақ сөздер

26.10.-21.11.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көп тілді білім беру институты

 

4.Эрасмус + бағдарламасы бойынша дәріс оқыған шетелдік ғалым

 

Польшаның  Адам Мискеевич атындағы Познань университетінің оқытушысы

Jakub Lakusik

Тілді оқытудың әдістемесі

 21-24 мамыр 2018

Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көп тілді білім беру институты


5.Қанекей Жармағанбетовтің 100 жылдығына арналған халықаралық конференция мен докторантардың ғылыми кеңесшісі ретінде келетін ғалымдардың тізімі (25.11-02.12. 2018)

 

1

Мұғла Сытқы Кочман университетінің

Кенан Коч

доцент, доктор PhD

6D021300  лингвистика докторант 1курс

Мамадиярова Назираның кеңесшісі

2

Мұғла Сытқы Кочман университеті

Мехмет Наджип Онал профессоры, доктор PhD

6D021400  әдебиеттану докторанты 2 курс Едилбек Абдимомыновтың кеңесшісі

 

3

Стамбул қаласы. Йылдуз техникалық университетінің

Зуһал Олмез

профессор, филология ғылымдарының докторы

6D021300  лингвистика докторант 1курс

Акбар Мұса Ахуновтың кеңесшісі ретінде

 

6. Шетелдік университеттерге Эрасмус + және Мевлана бағдарламасы бойынша дәріс оқуға барған ғалымдар

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

Қосымова Гүлбану

профессоры, филология ғылымдарының докторы

Функционалды сауаттылық

Эрасмус + бағдарламасы бойынша Польшаның Адам Мискеевич атындағы Познань университетіне дәріс оқуға барды.

25.11-02.12. 2018

Абай атындағы ҚазҰПУ

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

Қалыбаева Қаламқас

филология ғылымдарының докторы, доцент

Қазақ тілі

Аккадемиялық ұтқырлық бағларламасы бойынша

Түркияның Костомону университетіне барды

06.10- 20.10. 2018

 

7.Магистранттардың шетелге ғылыми тағлымдама бойынша баруы туралы мәлімет

 

6M011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

2 курстың 12 магистранты

19.11-30.11.2018

 

Польша. Адам Мискеевич атындағы Познань университеті

6M012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

2 курстың 13 магистранты

14.11-24.11. 2018

 

Польшаның Слупск қаласы Поморск академиясы

 

6M020500- Филология мамандығы

2 курстың 9 магистранты

05.12-15.12.2018

 

Түркия. Стамбул қаласы, Мармара  университеті

6M021300- Түркітану мамандығы

 және 6M011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

2 курстың 8 магистранты

25.11-07.12.2018

Түркия. Элазг қаласы Фырат университеті



 

Ғылыми тағылымдама

 

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында «6М011700- Қазақ тілі мен әдебиеті» және «6М012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2 курс магистранттары Польшаның А. Мицкевич университеті (Познань қ.) және Поморский университеттерінде (Слупск қ.) өткен ғылыми тағылымдамалары бойынша есеп берді. Магистранттар университеттің бай кітапханаларын пайдаланып, «Қазақстандағы тіл, мәдениет және қоғам» тақырыбындағы халықаралық конференцияға, профессор-оқытушылардың дәрістеріне қатысқан.

 

Есеп беруде Польшаның мәдениеті, халқы, өмір-сүру салтымен танысып, танымдары артқаны айтылды. Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті материалдар жинақтағанын баяндады. Сонымен қатар білім алушылардың ғылыми тәжірибе жинақтау үрдісін мәдени іс-шаралармен ұштастырғаны да байқалды.

 

   

 

  

 

Түркиядағы ғылыми тағылымдама

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «6М021200-Түркітану», «6М011700 -Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша білім алатын магистранттар Фырат университетінде (Түркия) ғылыми тағылымдамадан өтуін жалғастыруда.


2018 жылдың 26 қараша -7 желтоқсан аралығында білім алушылар Фырат университеті профессорларының дәрістерін тыңдап, түркі халықтарының тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениетімен етене танысып, өз білімдерін жетілдіруде. Магистранттарымыздың шет елде ғылыми тағылымдамаға баруы болашақта ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, түркітану ғылымының дамуына өз үлестерін қосатын жас ғалымдарды тәрбиелеуге, оларды ғылыми ізденістерге бағыттауға септігін тигізері анық. Осы орайда, Абай атындағы ҚазҰПУ Фырат университетінің әкімшілігіне шетелдік ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу үшін үлкен алғысын білдіреді.

 

   

 

ҚазҰПУ-дың 90-жылдығын тойлауға шетелден ғалымдар шақырылды


2018 жылдың 2-9 қазан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерей тойына профессор Г. Қосымованың ұйымдастыруымен шетелден алты ғалым келіп қатысты.

 

Солардың ішінде арнайы шақырылған қонақ -Анкара қаласындағы Жаңа Түркия зерттеу орталығының басшысы, ф.ғ.д., профессор Білгехан Атсыз. Докторанттардың кеңесшілері ретінде шақырылған қонақтар - Анкара қаласынан Түрік тілі қоғамының басшысы, ф.ғ.д., профессор Гүрер Гүлсевин; Измир қаласынан Еге университетінің профессоры, ф.ғ.д. Фикрет Түркмен; Фырат университетінің профессоры, ф.ғ.докторы Ахмет Буран; Анкара қаласынан Гази университетінің профессоры, ф.ғ.докторы Хулия Касапоғлы Ченгел; Польша Познань университетінің профессоры, доктор PhD Гүлайхан Ақтай.

 

   

 

Шамғали Сарыбаевтың 125 жылдығына


2018 жылдың 27 қазанында Шамғали Сарыбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.


23-30 қазан аралығында шетелден докторанттарымыздың ғылыми кеңесшілері: Стамбул университетінің профессоры, ф.ғ. докторы Мехмет Өлмез; Мұғла Сытқы Кочман университетінің доценті, доктор PhD Екрем Аян және Фырат университетінің профессоры, ф.ғ.докторы Ержан Алкая келіп қатысты. Олар конференцияда қызықты тақырыптарда баяндама жасады. Мехмет Өлмез университеттің 90 жылдығына арналған мерекелік медалімен марапатталды. Профессор Г. Қосымованың ұйымдастыруымен ғалымдар мен докторанттар Тамғалы тасқа саяхат жасады.

 

   

 

«Көне түркі тілі» және «Қыпшақ тілдерінің тарихы»


Кафедраның халықаралық байланыстар жұмысына жауапты Г. Қосымованың ұйымдастыруымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес Фырат университетінің профессоры, ф.ғ.докторы Ержан Алкая 22.10.-20.11.2018 аралығында магистранттар мен докторанттарға дәріс оқыды.


«Көне түркі тілі» және «Қыпшақ тілдерінің тарихы» тақырыптарында оқыған дәрістері білім алушылар үшін өте пайдалы әрі қызықты болды.

 

   

 

Әдебиеттанушы Қанекей Жармағанбетовті еске алу

 

2018 жылдың 28 қарашасында өткізілетін Қанекей Жармағанбетовтің 100 жылдығына арналған халықаралық конференцияға 25.11-02.12.2018 уақыт аралығында (профессор Гүлбану Қосымованың шақыруымен) докторантардың шетелдік ғылыми кеңесшілері - Мұғла Сытқы Кочман университетінің доценті, доктор PhD Кенан Коч; Стамбул қаласындағы Йылдуз техникалық университетінің профессоры, филология ғалымдарының докторы Зухал Өлмез және Мұғла Сытқы Кочман университетінің профессоры, доктор PhD Мехмет Наджип Онал қатысады. Бұл ғалымдар түркі-қазақ мәдени байланыстары жөнінде баяндамалар жасайды.

 

 

 

1116
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler