қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Қоқанова Жарқынай Атайқызы

Қоқанова Жарқынай Атайқызы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
1996 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетінда «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын «Қазақстан жоғары мектебі» журналы редакциясының корректоры қызметінен бастады. Ал педагогикалық қызметі 2001 жылы Алматы қаласы Абай атындағы №59 қазақ орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімінен басталды. 2002 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының оқытушысы, ізденуші-тәлімгері. 2003-2006 жылдары аталған университеттің аспирантурасында оқыды. 2008 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасында жұмыс істеп келеді. Қызметі - аға оқытушы, ғылыми дәрежесі - филология ғылымдарының қандидаты. Педагогикалық өтілі 18 жыл. Осы аралықтарда арнайы біліктілікті көтеру мақсатында түрлі курстарға қатысып отырады. Оқыту тілі: қазақ. Отызға жуық ғылыми еңбектердің авторы.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler