қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Рауандина Айтжамал Қалкенқызы

Рауандина Айтжамал Қалкенқызы

Рауандина Айтжамал Қалкенқызы Қарағанды облысы, Ульянов ауданы (қазіргі Бұхар жырау ауданы), Төрткөл елді-мекенінде дүниеге келген. 1992 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған. 1995-2009 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтында аға ғылыми қызметкер, 1997-2000 жылдары аталған иституттың 13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) мамандығы бойынша өндірістен қол үзіп аспирантура бөлімінде оқыған. 2009-2010 жылдары «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді дамуы институтында жетекші ғылыми қызметкер болып қызмет етеді. 2010 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді. Осы уақытта «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқытудың коммуникативтік-танымдық әдісі», «Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту» пәндерінен дәріс оқып, семинар сабақтар жүргізді. Оқу-әдістемелік кешендерін дайындады.
2010 жылы «Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі (орыс тілді мектептердің 5-6-сыныптары)» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. Орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептердң 5-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілінің Жалпыға міндетті білім стандарты», «Қазақ әдебиетінің Жалпыға міндетті білім стандарты» (2002), Оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілін деңгейлік меңгерту» оқу бағдарламасының (2010) және т.б. оқу-әдістемелік кешендердің авторы.
А.Қ.Рауандина жоғары оқу орындарында және жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі, қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі, мектеп оқулықтары мәселелері бойынша ғылыми-шығармашылық зерттеулермен айналысады. Ғылыми мақалалары алыс-жақын шетелдерде жарыққа шыққан.
Университеттің бакалавр бөлімінде "Қазақ тілін оқыту әдістемесі", "Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері", "Қазақ тілін оқытудың коммуникативтік-танымдық негіздері", "Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту", магистратура бөлімінде "Жоғары мектепте тілді оқыту әдістемесі", "Кәсіби құзыреттілік негіздері"" "Функционалдық сауаттылық" курстары бойынша дәріс оқиды. Аталған пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер және "5В012100-қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығына арналған "Қазақ тілін оқыту әдістемесі", "5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығына арналған "Кәсіби қазақ тілі" пәндерінің типтік оқу жоспарын дайындауға қатысқан.
А.Қ.Рауандина 2001 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың нормативтік-құқықтық құжаттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, мұғалім кітабы және көптеген ғылыми мақалалардың авторы. Атап айтқанда:
1. ҚР БҒМ ұсынған Жалпыға міндетті білім стандарты - 3: "Орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілінің жалпыға міндетті білім стандарты"; "Орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептер үшін қазақ әдебиетінің жалпыға міндетті білім стандарты" (5-11-сыныптар. РОНД баспасы - Алматы, 2002); «Балабақша - мектеп - колледж - жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты. - Астана, 2014. ҚР БжҒМ«Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясы»;
2. ҚР БҒМ ұсынған оқу бағдарламасы - 5: Орыс, ұйғыр тілді мектептердің 5-11-сыныптарына арналған қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламалары (Білім, - Алматы, 2001, 2003, 2004); Оқу қазақ тілінде емес мектептердің 1-11 сыныптарына арналған қазақ тілінінің деңгейлік бағдарламалары (Алматы, 2010, 20013);
3. ҚР БҒМ ұсынған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері:
- Қазақ тілі оқулықтары - 9;
- Деңгейлік қазақ тілі оқулықтары - 11;
- Қазақ әдебиеті оқулықтары - 2;
- Өзін-өзі тану оқулығы - 1;
- ЖОО-ның ғылыми кеңесі ұсынған оқу құралы - 3;
- Әдістемелік құрал - 6;
- Мұғалім кітабы - 14;
- Дидактикалық материалдар - 10;
- Лексикалық минимум - 6;
- Оқушы дәптері - 8.
Әдіскер-ғалым А.Рауандина қала, Республика көлемінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарында тағылымдамалық дәрістер, семинар-тренигтер жүргізеді:
1. Алматы «Өрлеу» БАҰО АҚ-да қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру курстарында тұрақты түрде дәріс оқып, семинар жүргізеді;
2. 20014-2016 жылдар аралығында ҚР БҒМ ұйымдастыруымен «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін талқылау, түсіндіру, апробациядан өткізу мақсатында Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қызылжар, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Семей қалаларында бірнеше дүркін семинар, шеберлік сыныптарын өткізді;
3. ЖББ мектептердің 1-11 сыныптарына арналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінің жаңартылған білім мазмұны бойынша дайындалған 2, 5, 7-сынып оқулықтарының базалық оқулық болып бекітілуіне, 3, 6, 8-сынып оқулық және ОӘК-ң апробацияға енуіне байланысты еліміздің барлық өңірінде тағылымдық дәрістер мен таныстырылымдық семинарлар жүргізіп келеді. Білім алушылар арасында өтетін республикалық ғылыми жобалар, түрлі конкурстарда қазылар алқасының құрамында жұмыс істейді
Ғылыми бағыттары: қазақ тілін оқыту әдістемесі, функционалдық сауаттылықты дамыту.

 


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler