қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Касенов Ерлан Сламбекұлы

Касенов Ерлан Сламбекұлы

 

Касенов Ерлан Сламбекұлы Қазақстан Республикасының азаматы. Бiлiмi жоғары. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
2010 жылдың 28 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы филология, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңесінде«І.Жансүгіров поэзиясының қатысымдық және танымдық табиғаты» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
2010 жылы «Тілші және әдебиетші ғалымдар» тақырыбындағы биобиблиографиялық анықтамалығы (авторлық бірлестікте), 2013 жылы «Тілдің қатысымдық және танымдық табиғаты» тақырыбындағы монографиясы жарық көрген. Ғылыми еңбектерінің жалпы саны - 80-ге жуық.
Ғылыми бағыттары: когнитивтік лингвистика, коммуникативтік лингвистика, терминология, мектептегі тәрбие мәселелері.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler