қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Раева Гульзат Магауовна

Раева Гульзат Магауовна

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология және көптілді білім беру институты, қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
1990-1995 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білім алды. 2000ж. 10.02.06. - түркі тілдері мамандығы бойынша «Түркі тілдеріндегі сингармониялық варианттар мен параллельдер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2009ж. Тіл білімі мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. Назарбаев Зияткерлік мектебі (Қазақстан) және Кембридж университеті (Ұлыбритания) ұйымдастырған Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курстарынан өтті (2015ж.). Жалпы білім беретін мектептерге арналған жаңа мазмұнды оқу құралының авторы. (Қазақ тілі. 6-сынып. Алматы, «Атамұра» 2017ж. )
Раева Г.М. - 50 жуық ғылыми зерттеу еңбектерінің авторы (монография, оқу құралдары, ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдар). Тіл тарихы, түркі тілдерінің тарихи фонетикасы, түркітанудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының магистранттары мен бакалаврларына «Қазақ тілінің тарихи граматикасы», «Түркітануға кіріспе», «Алтаистиканың ғылыми -теориялық негіздері», «Түркі тілдерінің тарихи-типологиялық фонологиясы» сияқты теориялық пәндерден дәріс оқиды. Білімалушылардың ғылыми жұмыстары, жобаларына ғылыми жетекшілік жасайды.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler