қазақша · русский · english
 
 
 
 Қыяқбаева Улбосын Қозыбаевна
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Төле би көшесі, 31
 8-701-362-68-68
kyakbaeva@mail.ru

 

1990 жылы қайта құру нәтижесінде бастауыш мектеп педагогикасы кафедрасы құрылды, оның бірінші меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сабыржанұлы Сабиров тағайындалды.


Сол кезде педагогика және бастауышта білім беру әдістемесі факультетін басқарған профессор Ромсейіт Мұқанұлы Қоянбаев кафедраның ашылуына үлкен көмек көрсетті.


2001 жылы «Педагогика және психология» және «Бастапқы әскери және дене шынықтыру» кафедрасына студенттер қабылданып, осыған байланысты бастауыш мектеп педагогикасы, бастапқы әскери және дене шынықтыру педагогика кафедрасы деген атауға ие болды.

 

2010 жылы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы ашылуына байланысты кафедра атауы «Жалпы, жас және әлеуметтік педагогика» кафедрасы болып өзгерді.

 

2015 жылы университеттегі құрылымдық өзгерістерге байланысты «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттері кафедраға ауыстырылғандықтан, осы жылдан бастап, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы болып өзгерді.


2018 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қозыбайқызы Қыяқбаева тағайындалды.


Қазіргі уақытта кафедраның профессор-оқытушыларының саны 26 адамды құрайды, студенттер саны 300-ден асады, магистратурада 21 адам, докторантурада 11 адам оқиды.

 

Презентация для книги о кафедре

2974
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler