қазақша · русский · english
 
 
 


Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы Қазақстан Республикасы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарын, әлеуметтік педагогтар және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерін, сонымен қатар, 6М010100 - «мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» педагогикалық ғылым магистрлері және 6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының PhD докторларын даярлауда жетекші рөл атқарады.


Кафедраның білім беру іс-әрекетінің негізгі бағыты мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандықтарына қызмет етеді.


НААР ұлттық рейтінгісінде «5В010100, 6М010100, 6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламалары бірінші орынға (2017ж. 2018ж.), «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» - үшінші орынға (2017ж..); 5В010100, 6М010100, 6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламалары «2017-2022ж.ж.) ие болды. «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы (AQUIN) халықаралық аккредитациядан сапа сертификатын алды.


Кафедраның білім беру іс-әрекетінде «Білім туралы Заңы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (жоғары білім беру, бакалавриат) ГОСО РК 3.08.255-2006 и ГОСО 6.08.061-2010) құжаттарын басшылыққа алады.


Кафедра «6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «6D010100 - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандықтарын даярлауда лицензиямен жұмыс жасап келеді.


«Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы «2018-2025 жылдарға ҚазҰПУ-дың стратегиялық даму жоспарын» іске асыруда, 2025 жылға қарай Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулердің нәтижелерін, үздік оқыту бағдарламаларына оқыту әдістемесі мен педагогикалық технологиясының нәтижелерін трансформациялау арқылы ТМД-дағы педагогикалық білімнің көшбасшысы, «ХХІ ғасыр мұғалімдерінің шебері» болуға, сондай-ақ педагогикалық мамандықтың беделін арттыруға және ел дамуының қуатты драйвері болуымен астарласып жатыр.


Сондықтан QS World University Rankings рейтингінде 450 орынға болуды міндеттейді.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы мынандай бағытта жүргізіледі:
- әлеуетті жұмыс берушілердің ұйымдарымен қатынастарды дамыту және тереңдету және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай мамандарды даярлау;
- кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының (магистратура мен докторлық диссертация төңірегінде) жеке ғылыми зерттеулері, соның ішінде ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа технологиялары мен жаңартылған педагогикалық әдіснамасы;
- студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру барысында диплом жұмыстарына, магистрлік және докторлық диссертацияларғы ғылыми жетекшілік жасау;
- студенттер, магистранттар мен докторанттарға ғылыми-зерттеу және ғылыми жобаларды дамытуға шығармашылық бастамаларға бағыттау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және студенттерді, магистранттарды және докторанттарды ғылыми конференцияларға қатысуға тарту;
- Қазақстан Республикасы және ТМД, ТМД және алыс шетел мемлекеттерінің ұқсас оқу орындарымен ғылыми, ынтымақтастық қатынастарын құру. Бұл бағытта басқа да білім беру және ғылыми құрылымдармен жұмыс істеу, тәжірибе алмасу және әртүрлі конференциялар мен форумдарға бірлесіп қатысу.


Кафедрада «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында педагогтардың өзін-өзі жетілдіру бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік негіздері» атты ғылыми жобасы жетілдіруде. (ҚР ҒБМ қаржыландыруымен 5 515 456 тг ). Басты бағыты «Мәңгілік ел» ( XXI білім беру ғасыры, гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі және қолданбалы зерттеулер) мем.регист.номер 0118РК00551). Жобаның ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор Р.К Бекмагамбетова.


Кафедра оқытушылары ғылыми конференцияларда, білім беру саласының мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіру аудиторияларында және БАҚ саласындағы сарапшылар алдында үнемі өз баяндамаларын оқиды.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына орай университет имиджін нығайту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді, ал 2018 жылы 18 қазанда п.ғ.к., асс. профессор У. Кыякбаеваның басқаруымен «Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының түлектері форумы ұйымдастырылды. Форумның басты мақсаты - білім беру, ғылым және озық технологиялар саласындағы өзара іс-әрекеттердің инновациялық механизмдерін анықтау.


Форумға әр жылда бітірген түлектері қатысты. Университеттің түлектері - қазіргі таңда мектеп мұғалімдер мен мектеп директорлары шақырылды. Форумның сәтті өтілуіне жауапты тұлғалар - А.А. Алимбекова, А.И. Булшекбаева, С. Еркебаева.


«Қазақстан мұғалімі» (№5-6 (3513), 31 марта 2018) газетіне оқытушы Д.А. Нургалиева мектеп түлектерін өз мамандықтарына тарту бағытында кафедраның кәсіптік бағдар жұмысы туралы және студенттердің оқу-тәрбие үрдісінде қатысып жатқан түрлі іс-шаралары жайлы «Шығармашылық жұмыс» атты мақаласын жариялады.


П.ғ.к., доцент Ж.Т. Тасжурекова 21 қыркүйек күні (2018ж.) «Мектепке дейінгі білім берудегі психологиялық-педагогикалық зерттеулерге кіріспе» атты магистранттар мен докторанттарға арнайы әдіснамалық семинар оқыды. Жас ғалымдарға өздерінің идеяларын жетекшімен және әріптестерімен ой талқылауға шақыра отырып, ғылыми жұмыстарын талқылауға, ой бөлісуде жаңа идеяның пайда болуына ықпал жасайтыны жайлы айтылды. Зерттеу проблемасын жан-жақты көру үшін объективті түрде диссертацияның ғылыми аппаратын, құрылымын құруы жайлы талқыланды.


Семинар барысында магистранттар мен докторанттар өз ғылыми жұмыстарын талдау барысында лекторға сұрақтар, пікірлер, сын-пікірлер және пайдалы кеңестер жайлы сұрақтар қойылып, кері байланыс болды. Осындай семинар кезінде әріптестердің жұмысын талқылауға қатысуда жас ғалымдардың сыни ойлау, сараптамалық бағалау дағдыларын дамытады және зерттеу жұмыстарының нәтижесін көруге ынталандырады.


2018 оқу жылында А.И. Ахметова (6D010300-Педагогика и психология ҒД № 0002260 06.03.2018 г., пр. № 413) және М.К. Ибраева (6D010300-Педагогика и психология FД №0002259. от.06.03.2018 г., пр. № 413) докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шықты.

 

Cтуденттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ)

 

Кафедра оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру кестесі 2018 ж

 

Қазақстан аумағы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен магистранттар, докторанттар, ПОҚ тізімі (2018 ж)

 

Патент мен куәлік алған кафедра оқытушыларының тізімі 2018 ж.

 

Кафедра оқытушыларының ҚР ҒБМ және жоғары оқу орны аралығындағы жобаға қатысу тізімі (2018ж.)

 

Кафедраның имидждік саясаты бойынша іс-шараларды өткізу

 

Алыс шетел ғылыми жарияланымдағы ғылыми мақалалар тізімі (2018ж.)

 



 


1160
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler