қазақша · русский · english
 
 
 
 Алимбекова Анар Аймолдановна
Аға оқытушы
PhD доктор
Төле би көшесі, 31
 8-777-155-55-68
aaalimbekova@mail.ru

 

Педагогика және психология институтының Жалпы, жас ерекшелік және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Р.К. Бекмағамбатеваның ұсынысымен 2011-2012 оқу жылында «Лидер» студенттер үйірмесі эксперимент ретінде құрылып, өз жұмысын екі бағытта жүрді:
• Студенттердің ғылыми жұмысы;
• Тәрбие жұмысы.


Үйірме жетекшісі міндетін кафедраның аға оқытушысы Алимбекова А.А. атқарды.


2014жылы 18 қарашасында «Лидер» СҮ-нің «Студенттердің лидерлік сапаларын дамытудың педагогикалық шарттары» атты I ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға профессор - оқытушы құрамы, студенттер қатысып баяндамалары тыңдалды, сонымен қатарбелгілі Ресей ғалымы п.ғ.д., профессор Л.Н. Мардахаев «Лидер и лидерства в социально-педагогической деятельности» тақырыбында баяндама жасады.


А.А Алимбекова 2016 жылы қорғаған «Болашақ педагогтардың лидерлік сапаларын дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы (Ph.D) докторлық диссертациясының эксперимент бөліміне үйірме жұмыстарының нәтижесін негізге алды.


2017-2018 оқу жылынан бастап«Лидер» студенттер үйірмесі өз жұмысын қайта жандандырды. «Лидер» СҮ-нің Ережесі жаңадан толықтырылып, жоспары құрастырылды.


Қазір үйірме жұмысы 3 бағытта жүреді:
1. Студенттердің ғылыми -зерттеу жұмысы.
2. Студенттердің тәрбие жұмысы
3. Студенттік өзін-өзі басқару


«Лидер» студенттер үйірмесінің мақсаты: Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби лидерлік сапаларын дамыту арқылы, қоғам сұранысына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
«Лидер» үйірмесінде студенттердің өзін-өзі басқару органдарының жұмысына басымдылық беріледі. Студенттердің өзін-өзі басқару бағыты жүйелі іске қосылған кезде, студентердің ғылыми - зерттеу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімділігі артады.

 

 

 

 

968
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler