қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы

Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы

Аты-жөні

Бөрібаев Ермек Әбілтаевич, заң ғылымдарының докторы, профессор

 

Білімі және ғылыми дәрежесі

1992-1998  жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, «Құқықтану» мамандығында бакалавр және магистратура бойынша білім алған.

2009 жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанында Д14А01.30 диссертациялық кеңесінде 12.00.02 мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті басқарудың конституциялық-құқықтық қамтамасыз етілуі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2010 жылдың желтоқсан айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанында Д14А01.30 диссертациялық кеңесінде «Нотариаттық қызметті және нотариатты конституциялық-құқықтық реттеудің теориялық мәселелері (Қазақстан Республикасының және посткеңестік мемлекеттердің тәжірибесінде)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

29.12.2016 ж. ҚР БҒМ БҒСБК-мен қауымдастық профессор ғылыми атағы берілді.

 

Еңбек өтілі

Жалпы ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 22 жылдан аса уақытты құрайды.

 

Лауазымы

Магистратураны аяқтаған кейін, мамандарды бөлу бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Кәсіпкерлік және азаматтық құқық» кафедрасында қызметке қалдырылып, өз еңбек жолын 1998-2005 жылдар аралығында ассистент, аға оқытушы, доцент лауазымында атқарды.

2005жылдың желтоқсан айынан 2012 жылдың сәуір айы аралығында Астана қаласы адвокаттар алқасының мүшесі болды.

2005 жылдың желтоқсан айынан Еуразиялық гуманитарлық институтының профессоры. 2012 жылдың қыркүйек айынан Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры.

2018 жылдан бастап «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі

 

Ғылыми еңбектері

Е.А. Бөрібаев 250 аса ғылыми еңбектердің авторы. Соның ішінде 7 моногрфиясы бар, оның 3-уі шетелдік баспаларда ағылшын тілінде жарық көрген. 3 монография Ресей ғылыми дәйексөздеу индексі базасында (РИНЦ) тіркелген.  Екі оқу құралының авторы.

Шетелдік журналдар да, ғылыми метрикалық базаларда Scopus  және Web of Science индекстелетін 35 мақала жариялаған. Индекс Хирш - 9 (Scopus) құрайды.

Екі мәрте 2018және 2019 жылы Elsevier-Scopus халықаралық компаниялардың 1st Scopus Award Ceremony рәсімінде «Best Researcher in Social Sciences» номинациясы бойынша әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша ең үздік зерттеуші болып танылды.
ҚР БжҒМ 13 авторлық құқық объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілген. 2017 жылдан бастап ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (Куәлік ҚР БжҒМ 08.08.2017ж., берілген).

Іргелі зерттеулер жүргізуге қатысу

Ғылым комитеті Төрағасының 2018 жылғы 1 ақпандағы № 20-бұйрығымен Ұлттық ғылыми кеңестің «Мәңгілік елғылыми негіздері» (гуманитарлық ғылым саласындағы XXI ғасыр білімін іргелі және қолданбалы зерттеу) басым бағыты бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру туралы шешімдері бекітілді. Аталған құқықтық актіге сәйкес Е. А. Бөрібаев екі ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі және орындаушысы болып табылады: «Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіру процесін құқықтық қамтамасыз ету: жеке адамның еңбек құқықтарын реттеу сапасын арттыру әлеуеті» және «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) қатысушы мемлекеттердің тәжірибесі мен стандарттарын имплементациялау контексінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құқықтық реттеуді жаңғырту»

Марапаттары

2018 жылы ҚР БжҒМ «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Білім Министрлігінің Алғыс хаттары мен грамоталары бар.

2018 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атанды.

2016 жылы Қазақстан мен Орта Азияның жалғыз өкілі Е. А. Бөрібаев халықаралық Нотариат Одағының жеке мүшесі ретінде сайланды (Uinl, Буэнос-Айрес штаб-пәтері, Аргентина).

2015 жылы Е.А. Бөрібаев Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент - мүшесі болып сайланды. Отандық ғылымға қосқан елеулі үлесі үшін Еуропалық өнеркәсіптік консорциум және Ресей Жаратылыстану Академиясы М. В. Ломоносов атындағы Алтын медалімен марапатталды.

 

 

 


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler