қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Ильясова Нағима Әбзелбекқызы

Ильясова Нағима Әбзелбекқызы

Ғылыми атақ-дәрежесі: филология ғылымдарының докторы (2010). Докторлық диссертация тақырыбы: «Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер: когнитивтік аспектісі». Ғылыми кеңесшісі: п.ғ.д., профессор Оразбаева Ф.Ш.
филология ғылымдарының кандидаты (2003ж.) Диссертация тақырыбы: «Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестер: қалыптасу мен даму үрдісі». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор АблақовА.А., ф.ғ.д., профессор Шалабаев Б.Б. ҚР ЖАК доценті (2010ж)
Ғылыми жобаларға қатысуы: ҚРБжҒМ-нің іргелі зерттеу жобасы бойынша «Коммуникативті грамматика: теориясы мен практикалық мәні» тақырыбында ғылыми жобаның аға ғылыми қызметкері (2010-2013.)
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың гранты есебінен орындалатын ғылыми зерттеу жоба бойынша «Кәсіби мамандарды дайындауға қатысты үш тілді меңгерудің әдістемесі мен технологиясы» ғылыми жобасының аға ғылыми қызметкері (2012 жыл)
ҚРБжҒМ тарапынан ұйымдастырылған ғылыми іс-шараларға қатысуы:
«Жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінде қазақ тілі мен әдебиетін жаңарта оқыту» тақырыбында Республикалық семинар-кеңестің пленарлық мәжілісінде«Қазақ тілін оқытуда бірлескен әрекет түрін қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады. (2012 ж)
«Қазақстанда филологиялық білім беруді дамытудың басымдықтары» атты Қазақстан Республикасы филологтарының І съезінде ««Білім модернизациясы жағдайында тіл мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін көтерудің мазмұны мен формасы»» тақырыбында баяндама жасады. 2013 ж. 16-17 мамыр
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың» қазылар алқасының мүшесі. 2012 жыл. Қарағанды қаласы. 2013 жыл.Тараз қаласы.
«Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру, көптілді және билингвалдық білім беру» мәселелеріне арналған Республикалық семинар-кеңестің пленарлық мәжілісінде «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда қазақ тілінің алатын орны және оның әдіснамалық жүйесі» тақырыбында баяндама жасады. 2014 жыл. 15-16 мамыр.
ҚР БжҒМ жанындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының Алматы қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында «Қазақ тілі» пәні бойынша біліктілікті жетілдіру курсын жүзеге асыру мақсатында «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша білім берудегі синтаксистік парадигма: кешенді түрде синтаксистік талдау жүргізудің теориялық мәні мен практикалық маңызы» тақырыбы аясында дәріс оқыды. 2010 -2013жж.
ҚР БжҒМ жанындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының Алматы қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен 2015-2016 оқу жылына арналған тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде «Білім беру модернизациясындағы қазақ тілінің ғылыми-әдіснамалық құрылымы мен мазмұны» тақырыбында баяндама жасады. 2015 жыл. Тамыз.
Оқушылар мен студенттерді ғылыми жұмыстарға тарту нәтижелері:
Н.А.Ильясоваға ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарына қатысушы Б.Момышұлы атындағы АРАМИ 10 сынып оқушылары Айдарбаев Адилет, Тамшыбай Алматтың ғылыми жоба жұмыстарына жетекшілік жасап, олардың ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жүлделі орынға ие болғаны үшін команда жетекшісі ретінде арнайы сертификат берілді. № 002.Алматы, 2014 жыл.18-21 ақпан.
Алматы қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында № 110 мектеп-гимназиясының 5 «А» снып оқушысы Алданазаров Мадидің ғылыми жұмысына жетекшілік жасап, жүлделі орын иеленгені үшін ғылыми жетекші ретінде І дәрежелі дипломмен марапатталды. Алматы, 2014.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ-дың 80 жылдық мерейтойына орай филология, әдебиеттану, және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы ұйымдастырған І республикалық «Үздік лингвист-2014» байқауында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Бақытқызы Мөлдірдің «Ұлттық санадағы тілдік символдардың қолданылу аясы» тақырыбындағы ғылыми баяндамасына жетекшілік жасады. Студенттің жүлделі ІІІ орынды иеленгені үшін ғылыми жетекші ретінде арнайы дипломмен марапатталды. 3 сәуір. 2014 жыл.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының 70 жылдығы аясында көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор С.М.Исаевтың туған күніне орай өткізілетін дәстүрлі «Исаев оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда 3 курс студенті Ділдабекова Фаризаның ғылыми жұмысна жетекшілік жасап, жұмыстың жоғары деңгейде танылып, ІІ орынды иеленгені үшін арнайы сертификат берілді. Алматы, 2014 жыл. Сәуір.
Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарларға, зияткерлік олимпиадаларға қатысуы:
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «маман тілі және кәсіби көркем сөз» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарда «Мамандықты игеру барысында кәсіби көркем тілдің алатын орны» тақырыбында баяндама жасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жол -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына жолдауын іске асыру аясында және ҚазМемҚызПУ-дың 70 жылдығы мен академик С.М.Исаевтың құрметіне орай ҚР Жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткізілген зияткерлік олимпиадасында әділқазы мүшесі болып, белсене атсалысқаны үшін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Алматы, 2014 ж.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ тілі. (Морфология)» пәні бойынша өткізілген зияткерлік олимпиадада әділқазылық жасағаны үшін филология факультеті директоры менкафедра меңгерушісі атынан алғыс хат берілді. Алматы, 2015 жыл.
Біліктілікті көтеру курстарына қатысуы.
Германияның Дюссельдорф қаласында «Германия университеттерінің білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер мен технологиялар» тақырыбы аясында біліктілікті жетілдіру курсына қатысып, арнайы серификатпен куәландырылды. 26.10. -05.11.2013ж.
Ғылыми еңбектері:
Ғылыми монография. «Коммуникация үдерісіндегі тілдік бірліктер» атты І-ІІ кітаптан тұратын ғылыми монографияның «Тілдік бірліктердің коммуникативтік мәні» деп аталатын І кітабының авторы. Алматы, Нур-принт, 2013. -226.
Оқу құралы. Сөз тіркесі синтаксисі. Алматы, 2009, 2014
Оқу-әдістемелік құралдар: Студент пен оқытушының бірлескен өздік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі (қазақ тіл білімі салалары бойынша) ЖШС «Жания-Полиграф» Алматы. 2012. -159 б. (авторлық бірл.)
Коммуникативті грамматика. (Библиографиялық көрсеткіш) Алматы, Нур-Принт, 2012. -105 б.(авторлық бірл.)
Типтік бағдарламалар.
1. 5В5011700 - қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің типтік бағдарламасы.(авторлық бірл.) 2014 ж
2. 5В012100- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің типтік бағдарламасы.(авторлық бірл.)2014 ж
Ғылыми мақалалар:Сөйлем - тілдік қатынас құралы.Тіл және аударма журналы. № 1. 2011. - 13-19 бб. ҚХР. Үрімші қаласы. «Сөйлеу ұғымының лингвистикалық мәні». ҚазҰУ Хабаршысы. (филология сериясы.) № 1. 2012 ж. 240- 244 бб; «Көркем сөздің психолингвистикалық қырлары»ҚазҰПУ Хабаршысы. (филология сериясы.) № 1.(39) 2012 ж. 3-6 бб;«Сөйлесім сөйлемдер және олардың коммуникативтік мәні». Қазіргі қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері. Профессор Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы. 2012 ж 13 қараша. 341-344 бб.;«Сөйлемдердің коммуникативтік сипаты» Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік тіл: қазіргі ахуалы және мәдениетаралық ықпалдастық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы 2013. 29 наурыз. 96-101 бб;«Қазақ тілін оқытуда сөйлесім әрекеті түрлерін қолданудың тиімділігі».«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. Алматы 2013. № 5. 3-11 бб; «Қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынатын жаңа талаптар» А.Иасауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университеті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Түркістан. 2013. Мамыр.132-138 бб; «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін айқындаушы факторлар». Ғылыми мақалалар жинағы. Алматы -2013. - 151-156 бб; «Кәсіби қазақ тілін оқытудың мәні мен ғылыми-методикалық негізі» Тілдерді оқытудың өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.-Алматы. Абай атындағы ҚазҰПУ, 2014 ж.69-71бб; «Мамандықты игеру барысында кәсіби көркем тілдің алатын орны». Ғылыми мақалалар жинағы. Алматы, 2013. - 190 б. 38-42 бб; «Қазақтың бата-тілек сөздеріндегі тілдік мәдени семантиканың көрінісі»
«Когнитивный аспект словосочетаний казахского языка» Сожранение и развитие родных языков в условиях многонационального государства:проблемы и перспективы. Татарстан. г.Казань. 2014.стр.132-134; «Көркем мәтіннің коммуникативті-прагматикалық сипаты» Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: ғылыми мұра және ғалым феномені. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары.Алматы-2014. 279-281 бб.

 

 


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler