қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2019

Студенттердің 74-ші ғылыми конференциясы

 

2019 жылы 18 қарашада Педагогика және психология институты, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасындағы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының білім алушылары дәстүрлі 74-ші студенттер мен магистранттарға арналған ғылыми конференцияға қатысып, өздерінің ғылыми әлеуетін көрсете білді.


Конференцияның мақсаты - студенттер мен магистранттарды ғылыми зерттеулерге тарту, ғылыми қабілетін дамытуға қолдау көрсету және жағдай жасау.


74-ші ғылыми конференцияға кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева құттықтау сөзімен ашып, студенттер мен магистранттарға сәттілік тіледі.


Конференцияға екі мамандық бойынша студенттер, магистранттар және олардың ғылыми жетекшілері қатысты.


Әрбір секция бойынша жүлделі орындарды иеленген студенттер тізімі:
«5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (бакалавриат, қазақ бөлімі)
1-орын - Разы Айнұр 1-курс (3ж)
2-орын - Қоңырова Айкөркем 3-курс, Бидахметова Балжан 3-курс
3-орын - Ыбырайым Қымбат, 1-курс (3ж), Қуанышбайқызы Салтанат, 1-курс (3ж), Шараева Назерке, 1-курс (3ж)
«5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» (бакалавриат, қазақ бөлімі)
1-орын - Кәдірбек Динара 4-курс;
2-орын - Қайратқызы Гүлім, 4-курс; Саденова Асем 3-курс;
3-орын - Әмірбек Арина 4-курс, Мысыр Сұңқар 4-курс, Тілекова Динара 3-курс.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler