қазақша · русский · english
 
 
 
18.11.2019

«Ғылымдағы алғашқы қадам» 74-ші студенттік ғылыми конференция

 

2019 жылы 18 қарашада Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «Ғылымға алғашқы қадам» ұранымен студенттердің 74-ші ғылыми конференциясы әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану секциясы бойынша (орыс бөлімі) өткізілді.

 

Конференцияның мақсаты - студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту, қазіргі әлеуметтік педагогика ғылымының өзекті мәселелеріне талдау жасау, студенттер ұжымындағы ғылыми байланысты нығайту.

 

Конференцияны кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева құттықтау сөзімен ашып, студенттерге сәттіліктер тіледі.

 

Конференцияға PhD, аға оқытушы Мейрамгүл Сұраншиева төрағалық жасады, кафедра оқытушылары PhD, аға оқытушы Әсем Булшекбаева, педагогика ғылымдарының магистрлері Дариға Азимбаева мен Жанна Асанхановалар комиссия құрамында болып, студенттер баяндамасын тыңдады, техникалық хатшы Диана Манапова конференцияның хаттамасын жүргізіп отырды.

 

Конференция барысында студенттердің өзекті тақырыптары талқыланды, бірқатар ұсыныстар жасалды. Бұл конференция студенттердің ғылымға деген алғашқы қадамы болып табылады. Аталмыш конференцияда студенттер бір-бірімен танысып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің ғылыми идеяларымен бөлісе алды.

 

Студенттерді ғылымға баулу, түрлі іс-шаралар өткізу Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында дәстүрге айналмақ.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler