қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2019

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелері» семинары

 

2019 жылдың 15 қарашасы күні Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар қатысты.

 

Семинардың мақсаты - кафедрада жүзеге асырылып жатқан магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларының жай-күйін талдау, өзекті мәселелерін анықтау.

 

Семинарды кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева жүргізіп, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының қазіргі өзекті мәселелері туралы кафедраның профессор-оқытушыларының ой толғаныстарын ортаға салуға шақырды.

 

Семинар барысында «7М(8D)012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасының құрастырушысы Ғалия Таубаева бағдарламадағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы жан-жақты талдап, магистранттар мен докторанттар, жұмыс берушілер тарапынан енгізілген ұсыныстар туралы сөз етті. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Бекмағамбетова жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау мәселелеріне тоқталды. Магистранттар мен докторанттардың кафедрадағы эдвайзері Әсем Булшекбаева жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қатысты нормативті құжаттарға талдау жасады.

 

Семинар барысында кафедрадағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары жан-жақты талданып, магистранттар мен докторантардың ұсыныстары назарға алынатыны айтылды.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler