қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2019

«6D010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы докторанттарының шетелдік тағылымдамасы

 

2019 жылғы 19 қазан -12 қараша аралығында Педагогика және Психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы «6D010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 2-3 курс докторанттары Алтынай Жакупова, Ардақ Мұханбетжанова, Сандуғаш Тлеубай, Толқын Жұмашева Анкара қаласындағы (Түркия) Гази университеті Білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі білім беру» факультетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп келді.


Ғылыми тағылымдаманың мақсаты - оқу үдерісінде халықаралық тәжірибе алмасу, ғылыми мақалаларды талдау мен зерттеу, озық үлгідегі инновациялық технологиялар қолданылған сабақтарға қатысу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті материалдарды іздеу.

 

Докторанттар ғылыми тағылымдамадан өту барысында университеттің оқыту үдерісімен танысып, электронды деректер базасымен жұмыс істеп, диссертация тақырыбы бойынша материалдарды жинақтап, талдау жұмыстарын жасады.

 

Докторанттар тағылымдама жоспарына сәйкес Гази университеті Білім беру бөлімінің меңгерушісі профессор, доктор Юджел Гелишлимен кездесіп, профессор, доктор Зейнеп Фулия Темелмен «Мектепке дейінгі білім беру программалары мен оқыту технологиялары» тақырыбындағы семинарға қатысты. Сонымен қатар Түркия елінің мектепке дейінгі білім беру ерекшеліктері туралы ақпараттармен бөлісіп, профоссор, доктор Фатма Тезел Шахиннің жетекшілігімен университетте дуалды оқыту негізінде жұмыс жасап жатқан балабақшалар жұмысымен, мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы, жұмыс жоспарларының құрылу ерекшеліктерімен танысты. Гази университетінің докторанттары Нурдан Калажи және Гурджу Эрдамармен кездесіп, шетелдік кеңесшілерінен ғылыми зерттеулеріне қажетті материалдарды жинады.

 

Тағылымдама барысында докторанттар шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып, қажетті материалдар жинақтап, өз мақсаттарын толық орындады.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler