қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2019

«Экологиялық клубтар» жобасы жүзеге асты

 

2019 жылдың 20 қыркүйегі мен 29 қазаны аралығында Алматы каласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен студент-тренерлерді оқыту кезеңі аяқталды. «Экологиялық клубтар» жобасы бойынша дайындалған студент-тренерлерді оқыту кезеңі «Мейірім» еріктілер клубы және «PosadiDerevo.kz» Pеспубликалық Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

 

Экологиялық жоба мектеп оқушылары мен студенттер ортасында жалпыадамзаттық құндылықтарды тарату және экологиялық сананы дамытуға бағытталған.

 

Жобаны жүзеге асыру үшін арнайы бағдарламаға сәйкес: арнайы ойындар, интербелсенді дәрістер, тәжірибелер мен дөңгелек үстелдерді қамтитын сабақтар арқылы іске асады.

 

Жобаның міндеттері - биоәртүрлілікті оқыту; табиғатта кездесетін адам, өсімдік және жануарлардың өзара байланысымен балаларды таныстыру; табиғат ресурстарын қорғау әдісін оқыту; табиғи ортаның ахуалын бағалау, оны жақсартуда дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамыту; табиғатқа мейірімді қатынасты дамыту; шығармашылық және экологиялық акцияларға қатысу арқылы табиғи ресурстарға құрмет қалыптастыру болатын.

 

2019 жылдың 20 қыркүйегінен бастап жоба аясында студент-тренерлер су ресурстары, қоқыстарды кәделеу, биоәртүрлілік бағыттары бойынша оқу курсынан өтті. Оқу курсына 1-2 курстың 250 студенті қатысып сертификат алды. Дайындалған студент-тренерлер Алматы қаласының 200 мектебінде экоклубтар құрып, экология бойынша педагогикалық тәжірибеден өтеді.

 

29 қазанда жобаны үйлестірушілер ерікті-студенттерге мектептердің эко-клуб мүшелерімен жұмыс жасауға және мектептегі оқушыларды тиімді оқыту барасында қолдануға арналған эко-сумка түрінде жинақтар дайындады.


«Экологиялық клубтар» жобасын жүзеге асыру кезеңдері: 06.11.2019 - 06.05.2020 жж.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler