қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2019

«Жастардың ғылыми әлеуеті мен ғылымдағы орны»

 

Университетте Ғылыми декадасы - 2019 аясында «6М010100 - Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс магистранттарының арасында «Жастардың ғылыми әлеуеті мен ғылымдағы орны» тақырыбында дебат өтті.

 

Дебат магистранттардың кәсіби құзіреттілігін арттыру, сапалы білім мәдени- рухани жағынан өсіп жетілуіне маңызы аса зор.

 

Дебаттың мақсаты: білім алушы жастардың арасында ғылыми зерттеу жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру.


Дебатта қарастырылған мәселелер:

1. Жастар арасындағы ғылымның орны, танымалдығы, маңызы.

2. Мектепке дейінгі білім берудегі теория мен тәжірибесінің байланысы.

 

Дебатта әртүрлі контекске орай сыни тұрғыдан ойлау немесе іскер ойын ретінде ұғынылады. Магистранттардың арасында ұйымдастырылған дебат -ғылыми ізденістің маңызды саласы. Пікірталасқа түсушілердің мақсаты, әдетте, даулы мәселелер бойынша қандай да бір позицияны қорғап, өзге позицияны теріске шығаруды көздейді.

 

Дебат кезінде магистранттардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы сұрақ сәтінде анық байқалады. Магистранттардың ғылыми ізденістері арқылы алған ақпараттары мен идеялары дебат барысында көрінеді.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler