қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2018

«Біздің тәуелсіз- Қазақстан»

 

2018 жылдың 12 желтоқсанында Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында іс-шара өтті.

 

Іс-шараға «5B010100 -«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Топ жетекшісі: п.ғ.магистрі аға оқытушы Сауле Еркебаева.


Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу бойларына адамгершілік, ізгілік қасиеттерін дамыту. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.


Тәрбиелік іс-шараға студенттер белсенді араласып, өнерлерін ортаға салды. Студенттер білім беру іс-шарасына белсене қатысып, желтоқсан оқиғаларын еске алды. Іс-шара барысында сол уақыттағы оқиғалардың қысқаша театрландырылған көріністерін көрсетіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны, Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық әндер мен терме, наз өлең жолдары орындалды.


Тәрбиелік іс-шараның қадірлі қонағы ретінде, желтоқсан оқиғасына қатысқан, тәуелсіздік оқиғасының көзін көрген Ерлік Омаров, институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары Бағдат Маженов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даулен Идирисов және кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева шақырылды.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler