Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
22.10.2018
Кафедра студенттері мен оқытушылары жалпы қалалық сенбілікке қатысты
2018 жылдың 20 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының студенттері, магистранттары мен кафедра меңгерушісі, оқытушылары жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Университеттің жақын аумақтарын санитарлық тазартуға 1-ші және 4-ші курс студенттері мен 1-ші курс магистранттары, кафедра оқытушылары қатысып, әлеуметтік пайдалы іс-шараға өте белсенді атсалысты.
Таңғы уақытта басталған сенбілікте өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін тазартты. «Жұмыла көтереген жүк жеңіл» дегендей қауым болып ортақ қаламыздың әсемденуіне бір кісідей атсалысып, қоғамдық іс- шараны белсенді түрде ұйымдастырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Қабылдау комиссиясы: 8(727)221-85-14 |
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары |