қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2018

Педагогтарды ұлықтаған жарқын жолдау

 

2018 жылдың 18 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының басшылығымен Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті.

 

Кездесудің басты мақсаты - 5 қазан 2018 жылы өткен Елбасымыздың жолдауын талқылап, білім және ғылым саласындағы басымдылықтарға көңіл аударып, болашақта жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу.

 

Жиынға институт ди⁠ректоры, Тәрбие әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент өкілдері, профессор-оқытушылар студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

 

Педагогика және психология институтының ди⁠ректоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор Берікжан Әлмұхамбетов биыл Елбасы халықтың көкейінде жүрген мәселелерге тоқталып, әлеуметтік салаға да екпін берді. Елбасының «келер жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет» делінген Жолдауында мұғалім статусын біршама деңгейге арттыру үшін бірқатар міндеттер артты. Осы жарияланған Елбасының ұстаздарға деген ерекше назары тәрбиешілер мен әлеуметтік педагогтарды да ерекше қолдады.

 

Жиналыста Жолдау бойынша Тәрбие әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің жастар ісі жөніндегі комитеті өкілдері, студенттер мен магистранттар өз айтып сөз сөйледі.

 

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, Елбасының Жолдауының міндеттерін жоғары деңгейде жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

 

Жиында сөз алған Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева «Білім беру жүйесіндегі мұғалімнің мәртебесі туралы» баяндама жасады.

 

Өз баяндамасында Ұлбосын Қияқбаева Елбасымыздың жолдауының бесінші бөліміне толықтай тоқтала отырып, «жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілгенін және жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі - оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы, Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиеші мамандардың мәртебесі мен жалақысын көбейту» жайында ой қозғады.

 

Кездесу соңында жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға институт тарапынан барынша қолдау көрсетуге шешім қабылданды.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler