қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2018

Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің төл мерекесі

 

27 қыркүйек «Мектепке дейінгі білім беру» қызметкерлерінің төл мерекесін 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенттері жоғары деңгейде атап өтті.

 

Шараның басты мақсаты: болашақ мамандардың мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа бастамаларды нығайту.

 

Меркелік іс шараға Педагогика және психология институтының директоры, профессор Берікжан Әлмұхамедов және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәурен Аралбайұлы, кафедра оқытушылары қатысып, болашақ мамандарға алғыс айтып, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.


Осы орайда кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қозыбаевна: «Барлық болашақ тәрбиешілерге және мектепке дейінгі қызметкерлерге шыдамдылық қана емес, терең даналықты тіледі, өйткені сіздердің қолдарыңызда - біздің Болашағымыз! Бұл нәзік, сенімді және жас, сондықтан сіздің махаббатыңыз қажет! «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз» деп жылы лебіздерін білдірді.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler