қазақша · русский · english
 
 
 
16.02.2018

 

«Болашақ зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті» ғылыми семинары

 

2018 жылдың 14 ақпанында, сағат 14.00-де оқу ғимаратының 3-корпусының 26 дәрісханасында 6D(М) 010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының магистранттары мен докторанттарына арланған ғылыми семинар ұйымдастырылды. Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Ғылым департаментінің директоры ф-м.ғ.д., профессор Саябек Сахиев, Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, фил.ғ.д., профессор Жанат Дәулетбекова және п.ғ.к., аға оқытушы Айтжамал Рауандина, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Роза Бекмағамбетова, ғылыми семинардың мүшелері қатысты.

 

Ғылыми семинардың мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен ерекшіліктерін, зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі жөнінде, зерттеу іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру туралы ғылыми семинардыңтөрайымы п.ғ.к., доцент Күлбаршын Метербаева баяндады.

 

Ғылым департаментінің директоры ф-м.ғ.д.,профессор Саябек Сахиев Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамыту стратегиясы, болашақ жас ғалымдардың ғылыми әлеуетінің деңгейі, зерттеу үдерісінде қазіргі заманауи әдістер мен технологияларды қолдану, докторанттар мен магистранттарға ғылым жолының ерекшеліктерін, ғылыми мақала әзірлеу және т.б. туралы мәлімдеді.

 

Ғылыми семинардың негізгі бөлімінде п.ғ.д.,профессор Ботагүл Тұрғынбаева «Болашақ зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті» тақырыбы бойынша докторанттар мен магистранттарға интербелсенді түрде шағын семинар өткізді. Семинар жоғары деңгейде өтті.

 

  

 

  

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler