қазақша · русский · english
 
 
 
23.02.2018

 

«Шығармашыл педагог келбеті» семинар-тренингі

 

2018 жылдың 21 ақпаны күні «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессоры, Ақсәуле Манкештің жетекшілігімен «6М010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс магистранттарымен «Шығармашыл педагог келбеті» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

 

Іс-шараға «5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығынын 1 курс студенттері мен кафедра оқытушылары және басқада қонақтар қатысты.


Семинар - тренинг барысында магистранттар, өздерінің болашақ мектепке дейінгі ұйым маманы ретінде инновацияға бейімділігін, шығармашылық белсенділіктерін және де білім-білік дағдылары мен белсенді іс-әрекеттерін практикада сәтті де, қызықты етіп, ұйымшылдықпен көрсете білді. Семинар «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» пәні бойынша бірінші және екінші курс магистранттарының ғылыми шығармашылық бағыттағы ұжымдық жұмыстарының нәтижесінде дайындалған әдістемелік құрал қатысушылардың назарына ұсынылды.

 

       

 

       

 

        alt=

 

     




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler