қазақша · русский · english
 
 
 
05.03.2018

 

«Арт терапиясындағы - биссермен жұмыс әдісі» шеберлік сыныбы

 

2018 жылдың 3 наурыз күні «Лидер» студенттер үйірмесінің жетекшісі аға оқытушы, Ph.D Анар Алимбекова 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Арт терапиясындағы - биссермен жұмыс әдісі» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

 

Шеберлік сыныпқа 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өі тану мамандығының 1 және 2 курс студенттері және кафедра бойынша тәрбие жұмысына жауапты п.ғ.к., профессор Назира Атемкулова қатысты.

 

Іс-шара мақсаты: Арт терапиясындағы - биссермен жұмыс әдісін және пайдасын, мағыздылығын түсіндіру.

 

Шебер сыныптың теорялық бөлімінде студенттерге арт терапия туралы презентация көрсетіліп, түсіндіру жұмыстарынан кейін тәжирбелік бөлімінде студентер екі топқа бөлініп, бөлек аудиторияға отырғызылды. Арт-терапияның талаптарына сәйкес қатысатын адамдардың саны 10-нан аспаған дұрыс, дегенмен шеберлік сыныпқа қызығушылық танытып, қатысам деушілердің санының көптігінен топ құрамы 20 студенттен құралды. Шеберлік сынып барысында пайдалы біліммен қатар, студенттер 4 сағат бойы бір-бірімен жақсы пікірлермен алмасып, түрлі жағымды әсер алды.

 

       

 

       

 

       

 

     

 

 

     

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler