қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2019

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне - «Тұғыры биік тәуелсіздік - еліміздің тірегі»

 

2019 жылы 3 желтоқсанда Педагогика және психология институтында Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Әсем Булшекбаева өзінің эдвайзерлік тобы «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-ші курс студенттерімен «Тұғыры биік тәуелсіздік - еліміздің тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.

 

Ә.Бүлшекбаева атап өткендей, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - бұл еліміздің басты мемлекеттік және ұлттық мерекесі. Бүгінгі таңда республиканың әр азаматы өзінің тәуелсіздігін мақтан тұтады және әрбір адам үшін Отанға деген сүйіспеншілік ең маңызды сезім болып табылады.

 

Іс-шарада кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева және кафедра оқытушылары, Желтоқсан оқиғаларына қатысушылар Дариға Әзімбаева мен Разия Каримова студенттерге 1986 жылғы 16-17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының қатысуымен өткен оқиға туралы айтып берді.Олардың айтуынша, дәл осы оқиға Қазақстанның егемендік алуына негіз болған.

 

Тәрбиелік іс-шараға студенттер белсенді араласып, өнерлерін ортаға салды, желтоқсан оқиғаларын еске алды. Желтоқсан оқиғаларын еске алып, сол уақыттағы оқиғалардың қысқаша театрландырылған көріністерін көрсетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны, Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық әндер орындалды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler