қазақша · русский · english
 
 
 
 Аутаева Акбота Нурсултановна
Кафедра меңгерушісі
Психология ғылымдарының кандидаты, доцент
Төле би көшесі, 31
 +7(727)-291-64-32
akbota_n@mail.ru

 

Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесіне арналған педагогтарды оқыту 1975 жылы басталды.


1975-1976 оқу жылында Абай атындағы ҚазПИ филология факультеті базасында саны 53 адамнан құрылған дефектолог мамандығы бойынша көмекші мектеп мұғалімдері мен логопедтерін даярлайтын топ ашылды.


1976 жылы Абай атындағы ҚазПИ-нда Республикадағы дефектологиялық факультет ашылды. Ол Орта Азия мен Қазақстандағы бірінші дефектологиялық факультет болды. Бұл факультетті психология ғылымының докторы Намазбаева Ж.И. басқарды.


1976 жылы Абай атындағы ҚазПИ-нда республикадағы дефектологиялық факультет ашылды. Факультеттің құрамында бір «Олигофренопедагогика» кафедрасы болды. Кафедраны п.ғ.д. Сулейменова Р.А. басқарды.

 

1980 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дегі дефектология факультетінде Логопедия және психопатология кафедрасын ашылды. Бұл дефектология факультетінің екінші кафедрасы болды. Оның басшылығына Иркутск педагогикалық институтынан Луцкина Р.К. шақырылды.


1985-1986 оқу жылында сурдо бөліміне алғашқы студенттер қабылданды. Содан кейін «Сурдопедагогика» кафедрасы ашылды, оны Н.М. Буфетов басқарды. Кейін оны сурдопедагог К.Т. Илахунов ауыстырды.


1988 жылы сурдопедагогика кафедрасы логопедия мен психопатология кафедрасымен бірікті. 1999 жылы факультет құрамы өзгеріп, аталған екі кафедра 2015 жылға дейін жұмыс жасаған арнайы педагогика кафедрасына бірікті. Кафедра п.ғ.к., университет профессоры Қ.Қ. Өмірбекованың басшылығында болды. 2007-2008 оқу жылы кафедраға п.ғ.д., профессор Тургунбаева Б.А., 2008-2009 оқу жылы п.ғ.к., доцент Оразаева Г.С., ал 2009-2011 жылы п.ғ.к., университет профессоры Бектаева К.Б. басшылық жасады.Ал 2011 жылдан бастап арнайы педагогика кафедрасын пс.ғ.к., доцент Аутаева А.Н. басшылық жасап келеді.

 

2015 жылдан бастап кафедра аталуы «Арнайы білім беру» болып өзгертілді. 2016 жылы кафедраның сапалық құрамы өсті: Варшаве (Польша) қаласындағы М.Гжегожевской атындағы арнайы педагогика академиясында екі докторлық диссертация қорғалды. Кафедраның аға оқытушылары БұтабаеваЛ.А. және Махметова А.А нострификацияларын алды.

 

2017 жылы арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Мажинов Б.М. PhD докторы ғылыми атағын алды және Қазақстан Республикасында 6D010500- «Дефектология» мамандығы бойынша жаңа форматта қорғаған алғашқы түлек болды.

 

Арнайы білім беру кафедрасының оқытушылары жыл сайын халықаралық деңгейдегі мамандарды табысты дайындауда кафедраның құрамын кеңейтіп, жас мамандармен толықтырып, тәжірибе алмасып отырады. Осы мақсатта 2017 жылдың басында арнайы білім беру кафедрасының құрамына осы Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерімен толықтырылды, олар Булабаева С.Т., Мирзахмедова У.А., Сардарова З.О., Молдабаева А.К., Калымова А.Е., аға лаборант болып Артықова Н. қабылданды.


Университеттік білім беру мамандарын даярлаудың екі сатылы және кредиттік жүйесіне ауысуына байланысты «5В010500-Дефектология», «6М010500-Дефектология», «6D010500-Дефектология» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік құжаттар пакеті әзірленді. «5В010500 - Дефектология», «6М010500 - Дефектология», «6D010500-Дефектология» мамандықтары бойынша жаңа мемлекеттік стандарттар, біліктілік сипаттамасы мен оқу бағдарламалары әзірленіп, енгізілді.

 

2023
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler