қазақша · русский · english
 
 
 
 Көшербаева Айгерім Нұрәліқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Қазыбек би көшесі, 30
 291-58-52
aigera63@mail.ru

 

Педагогика және психология кафедрасы «Педагогика және психология мамандықтары кафедрасы» деген атаумен 2009/2010 оқу жылында құрылды. Кафедра 2014 жылға дейін университеттің магистратура және PhD докторантура институтының құрамында болып, 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап «Педагогика және психология» институтының құрамына енді.


Кафедра 2015/2016 оқу жылына дейін тек қана магистрлер мен PhD докторларын даярлауды жүзеге асырды. Атап айтқанда, мына мамандықтар бойынша педагогика ғылымдарының магистрлері мен PhD докторларын даярлады:
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (6М010100, 6D010100)
- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (6М010200, 6D010200)
- Педагогика және психология (6М010300, 6D010300)


2015 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра бүгінгі «Педагогика және психология» кафедрасы атауына ие болып, 5В010300, 6М010300, 6D010300 - педагогика және психология мамандығы бойынша бакалавр, магистр, PhD докторларын даярлауды жүзеге асырып келеді.


Аталмыш кафедраның меңгерушілігі қызметін 2009-2014 жылдарда педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы, 2014-2017 жылдарда педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы атқарды. 2017 жылдың 1-қыркүйегінен бастап педагогика ғылымдарының докторы, профессор Көшербаева Әйгерім Нұралықызы кафедраға жетекшілік етіп келеді.


2009-2017 жылдар аралығында кафедрада педагогика және психология саласындағы жетекші ғалымдар, мемлекеттік гранттар мен республикалық, халықаралық наградалардың иегерлері: А.А. Бейсенбаева, А.К. Кусаинов, Ж.Ы. Намазбаева, А.С. Әмірова И.Р.Халитова, А.Е. Манкеш, Н.Б. Жиенбаева, Г.М. Коржова, А.Қ.Әлімов, Б.М. Қосанов және т.б. жұмыс атқарса, қазіргі кезде өздерінің еңбек жолын аталған кафедрада жалғастырып келе жатқан Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері және жоғары оқу орындарының үздік профессор-оқытушылары: А.Н. Көшербаева, Б.А. Тұрғынбаева, Н.Н. Хан, К.Ж. Аганина, О.С. Сангилбаев, Ж.К. Ибраимова, М.А. Абсатова, сондай-ақ тәжірибелі ұстаздар, педагогика және психология ғылымдарының кандидаттары, профессорлары: Л.О. Сарсенбаева, Р.Б. Абдрахманова, Т.Н. Жүндібаева, Г.О. Абдуллаева, З.Қ. Орманова және т.б. қызмет етіп келеді.


Кафедра профессорлары, оқытушылары «Ғылымды дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісімен - 4, Ы.Алтынсарин төс белгісімен - 4, К.Д.Ушинский төс белгісімен - 1, ҚР оқу ісінің үздігі төс белгісімен - 6, ҚР білім берудің құрметті қызметкері ретінде - 4 адам марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздігі» иегері - 5, Педагогикалық білім берудің Халықаралық ғылымдар академиясының академигі - 2.


Сонымен қатар кафедрада Америка, Ұлыбритания, Испания сияқты әлемдегі үздік мемлекеттердің жорағы оқу орындарында өздерінің білімдерін жетілдірген 2 «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері қызмет атқарады. Олар: профессор Көшербаева Әйгерім Нұралықызы және магистр Досмайлов Абылай Бақытұлы.


Кафедрада бакалаврларды қоспағанда 600-ден астам педагогика және әлеуметтік ғылымдар магистрлері, 43-тен аса PhD докторлары даярланды. Кафедра түлектері Қазақстан Республикасының және шетелдің білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында кәсіби маман болып қызмет етуде.


Кафедрада бакалавриат студенттері, магистранттар мен докторанттар заманауи педагогика және психология саласынан Болон Декларациясының негізгі принциптері аясында жоғары білім мен жоғары оқу орнынан кейінгі білімді меңгереді. Түлектер халықаралық ғылыми-білім беру стандарттарына сәйкес және жоғары мектептің озық дәстүрлеріне негізделген білімдермен қаруланады. Олар құзыреттіліктерді игерген, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кафедраның, университеттің тағлымын тәлім еткен, халықаралық білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілікке даяр мамандар болып шығады.


Осы бағытта кафедраның профессор-оқытушылары «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын, типтік бағдарламаларды жасауға және толықтыруға белсене қатысып келеді. Мысалы, 2017-2018 оқу жылында кафедраның А.Н. Көшербаева, Н.Н. Хан, Л.О. Сарсенбаева, Т.Н. Жүндібаева сияқты профессор-оқытушылары «5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын» даярлады.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Абай атындағы ҚазҰПУ-і жанынан 2011 жылдан бастап 6D010000 - білім беру (педагогикалық мамандықтар) «философия докторы» дәрежесін алуға диссертация қорғау бойынша республикалық диссертациялық кеңес ашылған болатын. Аталмыш Диссертациялық кеңеске 2011-2014 жылдары кафедраның профессоры Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы, 2015 жылы профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы төрағалық етсе, 2017 жылдың сәуір айынан бастап профессор А.Н. Көшербаева диссертациялық кеңестің төрағасының орынбасары қызметін атқаруда. Кеңесте республикадағы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары бойынша докторантураның түлектері диссертацияларын қорғауға мүмкіндік алып отыр.


Кафедраның профессор-оқытушылары Қазақстан Республикасының әр жерлерінде ашылған диссертациялық кеңестің мүшелері болып табылды. Мысалы, А.А. Бейсенбаева, О.С. Сангилбаев, К.Ж.Аганина, М.А.Абсатова, Т.Н.Жүндібаева, А.М. Үсенова және т.б. болды.


Кафедраның республикалық деңгейдегі маңызды бастамасының бірі - 2016-2017 оқу жылында «Білім берудегі менеджмент» (магистратура) мамандығы бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасын жасауы. Нәтижесінде кафедрада ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі №350 бұйрығына сәйкес 2017-2018 оқу жылында «Білім берудегі менеджмент» (магистратура) мамандығы эксперименттік тұрғыда ашылып, қазіргі уақытта оны әрі қарай жетілдіру бағытында жұмыстар атқарылуда.


Сондай-ақ, Москва мемлекеттік педагогикалық университетімен білім беру қызметін бірлесе отырып жүзеге асыру мақсатында келісім шарт жасалып, «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы бойынша магистранттардың білім беру бағдарламасының жобасы даярланды.


Кафедраның айрықша жүргізіп отырған жұмыстарының бірі - көптілділік оқыту мәселесін жүзеге асыруға қадам жасауы. Кафедрада 2012/2013 оқу жылынан бастап «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистрлер көптілді топқа іріктелініп алынады. Бұл топта пәндер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.


2016 жылдың қараша айынан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейін кафедрада халықаралық аккредиттеу жүргізіліп, 27 сәуір 2017 жылы «Педагогика және психология» (бакалавриат, магистратура)мамандығы халықаралық аккредиттеуден өткенін куәландыратын құжатқа ие болды.


2014 жылы университет рейтингісінде «Педагогика және психология» кафедрасы 3-орынды иеленіп, содан бері жалпы ондықтан түспей келеді.


«Педагогика және психология» мамандығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бакалавриат студенттерінің оқу жетістігін сыртқы бағалау нәтижесі бойынша республикада екінші орынды иеленді.


2016/2017 оқу жылының ең озық мамандықтар республикалық рейтинігісінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы республикадағы жоғары оқу орны арасында бакалавриат бойынша - екінші орынды, магистратура бойынша - үшінші орынды иеленді.

2526
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler