қазақша · русский · english
 
 
 

 

Кафедраның негізгі жұмыс бағыттарының бірі ғылыми зерттеу жұмыстары. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытты қамтиды: профессор-оқытушылардың және білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары. Аталған бағыттар педагогика және психология ғылымдарының қазіргі кездегі өзекті мәселелерін қамти отырып, бакалавр, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

Кафедраның профессор-оқытушылары төмендегідей бағыттағы ғылыми жобаларға қатысуда:

- ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалар;

- халықаралық ұйымдар қаржыландыратын жобалар;

- республикалық бюджет арқылы қаржыландыратын жобалар;

- университет тарапынан қаржыландырылатын ғылым-зерттеу жобалар.

 

Ғылыми-зерттеу жобалары әр түрлі тақырыптар бойынша:

 

2009-2011 жж. - «Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында арнайы педагогтарды даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін модернизациялау»;

 

2012-2015 жж. - «Жоғары оқу орнына кейінгі кезеңде ғылыми-педагогикалық кадрларды кәсіби дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздері», ТЕМПУС халықаралық ұйым бойынша «Орта Азия елдерінде білім беру менеджменті бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және дамыту» тақырыптарында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

 

2018-2020 жылдар аралығында БҒМ қаржыландырған «Мәңгілік ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұ.М. Әбдіғапбарованың жетекшілігімен «Дуалды-бағдарланған оқыту - болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауды жетілдірудің шарты ретінде» тақырыбында іргелі ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілуде.

 

Жобалық іс-әрекеттер барысында кафедра оқытушылары әр түрлі жұмыстар атқарады. Мысалы, профессор, психолог.ғ.д. О.С.Сангилбаев 2018 ж. «100 оқулық» жобасы бойынша редакциялық іс-әрекет атқарады, профессор Н.Н. Хан «Методический вернисаж педагогов дополнительного образования РК» тақырыбында өткізілген Республикалық ғылыми-әдістемелік жобалардың сарапшысы, Астана қаласында өткен мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындау туралы «Педагогика және психология» секциясының «Ғылым мен техниканы дамытуға қосқан ғалымдар мен мамандар» номинациясы бойынша комиссия мүшесі болды.

 

2017 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жобалар халықаралық деңгейде дами бастады. Консорциум аясында кафедраның профессор оқытушылары Мәскеу қалалық мемлекеттік университетімен (Ресей) білім беру сапасын бағалау бағдарламасы бойынша жобаны жүзеге асыруда. MEVLANA (Түркия) жобасы бойынша кафедра меңгерушісі профессор А.Н. Көшербаева 2018-2019 оқу жылына Түркиядағы жоғары оқу орнына дәріс оқуға шақырылды.

 

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар бағытында кафедра мамандықтары бойынша оқулық және әдістемелік оқу құралдарын шығару мәселесіне де басты көңіл бөлінеді. Кафедра оқытушылары жалпы білім беретін мектептерге, жоғары оқу орны мен орта арнаулы кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына арнап оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар шығаруға белсене ат салысады. Мысалы, кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор А.Н. Кошербаева, профессор, Н.Н. Хан «Pedagogy», «Education management» оқулықтарын республика көлемінде баспадан шығарды, п.ғ.д., профессор Ұ.М. Әбдіғапбарова «Алматы кітап» баспасына жалпы білім беретін мектептердің 4, 9 сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» оқулығы мен дәптерлерін жазса, п.ғ.д., профессор Б.А. Тұрғынбаева «Алматы кітап» баспасына жалпы білім беретін мектептердің 4 сыныбына арналған «Әдебиеттік оқу кітабы» оқулығы мен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеген. Кафедраның профессор-оқытушылары: О.С. Сангилбаев, Қ.Ж. Аганина, Л.О. Сарсенбаева, Т..Жундыбаева, М.А. Абсатова және т.б. жоғары оқу орны білім алушыларына арнап, оқулықтар мен оқу құралдарын жазды.

 

Кафедрада жас ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуына зор ықпал ететін көпаспектілі кеңейтілген ғылыми-әдіснамалық семинар белсенді әрекет етеді. Ғылыми-әдіснамалық семинарда танымал отандық және шетелдік ғалымдар (А.Ирсалиев, Гучлу (Түркия), В.Торгамадзе (Латвия) және т.б.) педагогика, психология және білім берудің өзекті мәселелері бойынша халықаралық эксперттер баяндама жасады. Семинар докторлық және магистрлік зерттеу жұмыстарын талдайтын және талқылайтын ғылыми дискуссия алаңы болып табылды. Ғылыми-әдіснамалық семинардың ұсынысы бойынша кафедра докторанттары PhD докторы академиялық дәрежесін беретін докторлық кеңесте диссертацияларын қорғауға шығады.

 

Кафедра оқытушылары түрлі ғылыми ұйымдармен, Америка, Канада, Австрия, Туркия, Латвия және т.б. шетелдік жоғары оқу орындары мен тығыз қарым-қатынаста. Сонымен қатар Литва Эдукология университетімен; Польшадағы Гданск университетімен; Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетімен; Туркиядағы Гази университетімен; Москва мемлекеттік педагогикалық университетімен; Австрия Диозесе Линц атындағы жеке педагогикалық университетімен серіктестік байланыстарын дамуда.

 

Аталған жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары кафедра докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесшілері болып табылады. Екі жақты келісім шартқа сай докторанттар мен магистранттар бұл жоғары оқу орындарынан жыл сайын ғылыми тағылымдамадан өтіп, өздерінің білімдерін жетілдіріп, зерттеу жұмыстарына сай ақпараттар жинақтайды.

 

Кафедра Назарбаев университетімен, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті жетілдіру орталығымен ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді. Кафедра оқытушылары, докторант пен магистранттар жыл сайын өздерінің білімін жетілдіру мақсатында отандық және халықаралық курстардан өтеді: (Германия, Австрия, Америка, Турция идр.). 2012-2015 жж. аралығында профессор А.Н. Көшербаева «Болашақ» президенттік стипендиясының иегері ретінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, Лондон Brunel университетінде, Барселона халықаралық университетінде оқыды, Турцияда мәдени-білім беру орталығын басқарды.

 

Кафедраның бірқатар профессор-оқытушылары шетелде және Қазақстанда шығатын журналдардың редакциялық алқасының мүшесі ретінде жұмыстар атқарады. Мысалы, профессор Б.А. Тұрғынбаева«Қазақстан мектебі», «Вестник Челябинского университета», Польшаның Гданьск университетінің «Педагогика и психология» журналдарының редакция алқасы мүшесі ретінде, ал профессор Н.Н. Хан Абай атындағы ҚазҰПУ-де шығарылатын «Педагогика және психология» журналының редакция алқасының мүшесі.

 

Кафедраның негізгі бағыттарының бір бөлігі магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады. Сонымен қатар жыл сайын өткізілетін СҒЗЖ және магистратура бойынша Республикалық конкурстар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі 1-ші, 2-ші, 3- орындарды иеленіп келеді.

 

Педагогика және психология кафедрасы басқа университеттермен тығыз байланыста

 

Шетелдік ғалым, профессор Римантас Желвистың дәрісі

 

«Білім және технологиялық зерттеу тренинг желісі мен жаздық мектеп» семинар-конференциясы

 

«Педагогикалық білім берудегі дуальді оқыту: тәжірибе, амалдар, проблемалар» атты мұғалімдер мен ғалымдардың 2-ші республикалық конференциясы

 

2016/2017 оқу жылы ОӘК белсенді жұмысын жалғастыруда

 

1069
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler