қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Көшербаева Айгерім Нұрәліқызы

Көшербаева Айгерім Нұрәліқызы

 

Педагогика ғылымдары бойынша Халықаралық академиясының корреспондент мүшесі. Қызмет орындары: Педагог мамандардың біліктілігін арттыру «Өрлеу» Ұлттық Орталығында Педагогика-психология кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде: профессор; педагогика саласы бойынша Докторлық ғылыми кеңестің Ғалым хатшысы; «Вестник-Хабаршы» ғылыми педагогикалық басылымның Бас редактор орынбасарының қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы боынша Англия және Испания мемлекеттерінде ғылыми стажировкада.
Алғашқы ғылыми жолын Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында бастаған. Ғылыми ізденістері - педагогика, педагогика тарихы, халықтық педагогика, салыстырмалы педагогика, филология.
ҚР Президенті бастамасы бойынша «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Әлемдік педагогикалық ой-сана» 10-томдық бысылымның (Ежелгі дәуір) (Шығыс әлемі) 1- 2-ші томдар Ә. Кошербаеваның ғылыми жетекшілігімен жарық көрді (2009 ж.)
2009 жылда «Жоғары оқу орнының үздік оқутышысы» Мемлекеттік гранттың жүлдегері. АҚШ (Сиетл, Нью-йорк), Турция, Индия, Болгария (София), Испания мемлекеттерінде Халықаралық конгрестерге қатысқан, педагогикалық жаңа технологиялар бойынша Европада (Германия, Бельгия т.б.), Қытайдың Синь-Цзян университетінде ғылыми стажировкадан өтіп, сертификат алды.
Профессор педагогика саласында 100-ге жакын ғылыми еңбектерінің авторы. Солардың ішінде монографиялар, оқулықтар, мақалалар. 2016-2017 жж Қ Р БжҒМ ұсынуымен ағылшын тілінде келесі оқулықтар шықты (авт.бірлест) Pedagogy: Textbook.; Education management: Textbook for undergraduate majors group "Education" ;Theory and methods of educational work - Textbook for undergraduate majors group "Education" -
Бір қатары негізгі әдебиет ретінде «Қазақтар» атты энциклопедиялық бысылымға енгізілген. Түркі халықтарының белгілі ғұламасы Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы бойынша танымал маман. «Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы гуманистік идеялардың дамуы: әдіснамасы, теориясы, практикасы» (1995ж.) атты монографиясында түркі ойшылының педагогикалық көзқарастары Жаңа өрлеу (Ренессанс) тұрғысынан жан-жақты қарастырылып, Баласағұнның гуманистік идеялары ерекше гуманистік тұжырымдама ретінде негізділген. «История педагогической мысли в эпоху Центрально-Азиатскго Ренессанса» (2010ж.) атты оқұлығында IX - XIVғғ аралығындағы педагогикалық ойлардың қалыптасуымен дамуы зерделеніп, Орталық Азиядағы тәрбие мен білімнің алатын орны ерекшеленеді. Аль- Фараби, Махмуд Кашгари, Кейкаус, Қожа Ахмед Яссауи т.б. ғұламалардың ойлары гуманистік жағынан қарастырылады. Баласағұнтану мәселесі бойынша Жүсіп Баласағұнның мұрасы Шығыс, Европа ғұламаларының кәзқараастарымен салыстырылынып, әлемдік педагогика контекстінде тереңдетіледі. «Баласагуни и Конфуций: точки созвучия и соприкосновения», «Баласагуни и «Шах-Наме Фирдоуси: близсть гуманистических идей», «Баласагуни и его современник Омар Хайям», Баласагуни и педагогические идеи гуманистов эпохи европейского Возрождения» (Кампанелла, Томас Мор и др). т.б. осы тәріздес мақалалары Қазақстанның көптеген басылымдарында жарық көріп, Сиетл (Америка), Мәскеу, Санкт-Петербург, Бишкек, Тошкент, София (Болгария), Стамбул, Дели (Индия) т.б. қалаларында халықаралық деңгейде өткен конференциялар мен конгресстерде баяндалып, шетел ғалымдарының қызыгушылығын тұдырды.
Жүсіп Баласағұн, Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы, Султанқожаұлы Құртқа тәуіп мұралары бойынша, Қазақ хандығы дәуіріндегі тәлім-тәрбие және педагогиканың оқу-тәрбие мәселелері бағытында Айгерім Көшербаеваның жетекшілігімен 10-нан астам кандидаттық диссертация қорғалды. Қазірғі кезеңде бірқатар ізденушілер (магистрант, докторант Баласаұнның мұрасы, педагогика тарихы, білім беру бағыттары бойынша ғылыми жұмыс жүргізіп жатыр. 2018-2019 жж. MEVLANA халықаралық бағдарлама бойынша профессор Туркия университеттеріне дәріс оқұға арнайы шақырылды.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler