қазақша · русский · english
 
 
 
 Жампеисова Қорлан Қабыкенқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының докторы
Қазыбек би көшесі, 30
 291-19-81, 8-701-726-77-21
khorlan_17@mail.ru


Педагогика кафедрасының құрылу тарихы Қазақстан Республикасының басты және ең көне жоғарғы оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық даму өзгерістерімен ажырағысыз тығыз байланысты.


1928-2018 жылдар аралығында «Педагогика» кафедрасының меңгерушілері

1928-1930 - Халел Досмухамедов
1932-1938 - Альжанов Шарафи Есмуханбетұлы
30-жылдардың аяғында - С.К. Қожахметов
1938-1940 жыл. - Төлеген Тажібайұлы Тажібаев
1940-1963 - Раиса Григорьевна Лемберг
1963- 1975 - Райхан Джумағазықызы Ержанова
1975- 1997 - Григорий Абрамович Уманов,
1997- 1999 - Лазар Керімұлы Керімов
1999-2008 -Қорлан Қабыкенқызы Жампеисова
2009 - 2013 - Лазар Керімұлы Керімов
2013 - 2015 - Турсынбек Молдаханұлы Баймолдаев
2015 -тен қазіргі таңға дейін Қорлан Қабыкенқызы Жампеисова

 

Кафедраның бастауында тұрған арыстар ретінде Х. Д. Досмұхамедов, Ш. Е. Әлжанов, С. Т. Қожахметов, Т. Т. Тәжібаев, Р. Г. Лемберг, А. С. Сытдықов, И. Г. Автухов, А. П. Бельковский, Р. С. Кеплер, Р. И. Бондарев, А. П. Скрепкова, В. А. Ротенберг, Е. М. Виролайнен, А. Г. Глядковская, Т. А. Алмазов, Л.К. Черниловская атауға болады. Олардың тарих, педагогика, дидактика мәселелері, тәрбие теориясы бойынша еңбектері кеңестік педагогика ғылымының алтын қорына енді.


Лемберг Раиса Григорьевнаның педагогика кафедрасының дамуындағы ерекше рөлі болды. 50-ден астам ғылыми жұмыстар оған тиесілі. Олардың ішінде: жұмысшы- жастардың мектептері, ондағы оқыту әдістері туралы мақалалар, «Оқушылардың жалпы дамуымен жұмыс», «Сабақ құрылымының мәселелері», «Сабақта білім мен білікті бекіту», «Сабақ әдістемесінің мәселелері», «Бастауыш мектептегі сабақ», «Оқыту әдістері», «Дидактикалық очерктер». Раиса Григорьевна дидактиканы дамыта оқыту идеяларымен толықтырды. Тәрбие мен оқыту үдерісінің бірлігіне үлкен мән берді. Педагогика тарихы және теориясымен айналысты.


Р.Г. Лембергтің есімі 1948 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында педагогика ғылымдары бойынша мамандандырылған кандидаттық диссертацияларды қорғау кеңесін ашуымен, яғни, кафедрада алғашқы ғылыми мектепті құрумен тығыз байланысты. Ғылыми қызығушылығы: дидактика мәселелері, кәсіби бастауыш техникалық білім беру, сабақ мәселелері, оқыту әдістері, тұлғааралық байланыстар т.б. Оның жетекшілігімен 40 кандидаттық диссертация және 2 докторлық диссертация қорғалды.


Р.Г.Лембергтің шәкірттері мен ізденушілері оның ғылыми мектебімен танымал болды. Қазақстанда көрнекті ғалымдар Б. Бержанов, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, К.Қ. Құнантаева, Р.Д. Иржанова, И.М. Кузьменко, Б.Р. Айтмамбетова, Б.И. Мұқанова, А.А. Бейсенбаева, Т.С. Сабыров, Э.И. Шныбекова және т.б. қазақстан педагогика ғылымының дамуына үлес қосты. Р.Г. Лемберг «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі үшін» медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы кеңес грамотасымен марапатталды.


Кафедраның бірінші басшыларының дәстүрлері: Х.Д. Досмұхамедов, Ш.Е. Әлжанов, Т.Т. Тәжібаев Р.Г. Лемберг, Р.Д. Иржанова педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Умановты лайықты түрде жалғастырды. Кафедраны 24 жылдан астам уақыт бойы басқарды (1973-1997), ол магистранттармен бірге 100-ге жуық адамды қамтыды.


Ол кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарғанда, оның құрамына аспиранттармен бірге 100-ден астам адамдар кірді. Онымен бірге және оның басшылығымен көрнекті ғалымдар Қ. Б. Бержанов, Р. Д. Иржанова, Н.Д. Хмель, И. М. Кузьменко, А. Манеев, Д. С. Сейдуалиев, Б. Р. Айтмамбетова, Б. Ақназаров, Г. М. Храпченков, Э. И. Шныбекова, М. Қ. Қозғамбаева Г. К. Байдельдинова, К. Б. Бозжанова, Л. В. Руднева, Т. С. Сабыров, А. А. Бейсенбаева, Ш. А. Шабденов, Р. М. Қоянбаев, Б. И. Мұқанова, Н.Д. Иванова, Н.Н. Тригубова, А. А. Ахметов, Л. К. Керімов, А. А. Абиев, В. В. Трифонов, Г. Т. Хайруллин, Қ. К. Жампеисова, Ж. К. Нұрғалиева, С. А. Ұзақбаева, А. Н. Ильясова, К. А. Жукенова, Р. А. Джанабаева, А. Д. Қайдарова, А. Г. Қазмағанбетов Р. К. Төлеубекова, Х. Қ. Шалгынбаева, М. Б. Тленбаева, Г. К. Шолпанқұлова және басқалар жұмыс істеді.


1976 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогика кафедрасы жанынан «Педагогикалық ЖОО-нда оқу-тәрбиелік үдерістің ғылыми негіздері» атты зертхана құрылды. Зертхана жетекшісі болып Н.Д. Хмель тағайындалды. Абай атындағы ҚазҰПУ мұғалімдерді дайындаумен байланысты ғылыми зерттеулердің бағдарламасы бойынша басты жоғары оқу орны болды. Кейіннен қазақстандық зерттеушілер «Мұғалім» жалпыодақтық бағдарламасының бағытына (1986-1996 жж.) енді. 1989 жылы Абай атындағы Қаз ҰПУ- де бүкілодақтық конференция өтті, онда «Мұғалім» бағдарламасы зерттеулердің аралық қорытындылары талқыланды. Кафедрада жоғары мектеп мәселелері, этнопедагогика және педагогика тарихы мәселелері бойынша зертханалар және педагогиканың өзекті мәселелері бойынша әдіснамалық семинар жұмыс істеді.


1988 жылы Г. А. Умановтың бастамасы бойынша Алматы қаласы мектептері базасында ғылыми-әдістемелік кешендері (НУМК) ашылды: - жоғары мектеп проблемалары бойынша (жет. - п. ғ. д., проф. Н.Д. Хмель), жалпы білім беретін орта мектеп (жет. - проф. С. И.Қалиева), идеялық-адамгершілік тәрбие беру мәселелері бойынша (жет. К. К. Жампеисова).


1992 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ), педагогика кафедрасының базасында республика бойынша мамандандырылған кеңес Д14.05.01 ғылым докторы дәрежесін қорғау 13.00.01 - педагогика теориясы мен тарихы, этнопедагогика педагогикалық ғылымдар мамандығы бойынша қорғау кеңесі ашылды. Осы кеңесті ашу бастамашылары университет ректоры ҚР ҰҒА академигі Т. С. Садықов, сондай-ақ педагогика кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. д., профессор Г. А. Уманов болды. 2000 жылдан бастап бұл кеңесте 13.00.08 мамандығы бойынша қорғау , ал кейіннен 13.00.04. мамандығы бойынша қорғау жүзеге асырыла бастады.


Диссертациялық кеңестің Д 14.05.01 негізі қаланған күннен бастап оның төрағалары болып Т. С. Садықов, Қ. Қ. Жампеисова, Н.Д. Хмель, А. Г. Қазмағамбетов, Г. Т. Хайруллин, Н.Н. Хан, С. Ж. Пірәлиев болды. Кеңестің қызметі 2010 жылғы желтоқсанына дейін жүзеге асырылды. Аталған диссертациялық кеңестің тарихи маңыздылығы ерекше. Тәуелсіз Қазақстанда аталған кеңесте алғаш рет Абай атындағы ҚазҰПУ - ның Педагогика кафедрасының жанынан педагогика ғылымдарының докторлары (Г.Т. Хайруллин, В.В.Трифонов, Б.И.Мұқанова, А.А. Бейсенбаева, К.К. Жампеисова, С.А. Узақбаева, Г.К.Нурғалиева, Н.Н. Хан, Р.К. Төлеубекова, А.Н. Ильясова, А.Г. Қазмағамбетов, А.А.Калюжный, К.С. Успанов, С.Т. Каргин, М.Н. Сарыбеков, С.С. Смаилов, Р.А. Джанабаева, А.Д.Қайдарова, К.Қожахметова, Ш.Т.Таубаева және т.б. қорғады. Ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесші болатын ғалымдардың саны артты.


Аталған диссертациялық кеңес Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, А.Ясави атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті, Астана қаласындағы Гуманитарлық университеті жанынан мамандандырылған докторлық және кандидаттық диссертация қорғау кеңестерін ашуға мүмкіндік жасады.


2000-2003 ж.ж. «Кәсіптік білім беруді реформалаудың әдіснамасы мен теориясы және болашақ маманның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы» атты халықаралық ғылыми-зерттеу жобасының іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша кафедра ғалымдарының Қ. Қ. Жампеисова (жоба жетекшісі), Н.Д.Хмель, А. А.Бейсенбаева, Н.Н.Хан, С. И.Қалиева, Н.Н. Тригубовой қатысуымен «Үздіксіз педагогикалық білім беру», «Жоғары педагогикалық білім беру» Тұжырымдамалары дайындалды. Тұжырымдаманың басты мақсаты жаңа формацияның мұғалімін: рухани - адамгершілікті, жауапкершіл, белсенді жасампаз, жан-жақты дамыған, кәсіби құзыретті, шығармашыл тұлғаны дайындау.


Тұжырымдамада жоғары педагогикалық білім берудің мақсаттары мен міндеттері, жаңа формация мұғалімдеріне кәсіби дайындықтарына қойылатын талаптар, мұғалімнің кәсіби дайындығына қойылатын құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылды, яғни, педагогикалық кадрларды дайындау жүйесі, кәсіби міндеттерді жаңа деңгейде шешуге қабілетті, соның ішінде, 12 жылдық орта білім беру жағдайына оқытушы кадрларды дайындау анықталды.


Кафедра профессор - оқытушылары тұжырымдамаларда көрестілген нақты қадамдарды жүзеге асыру барысында МЖМБС педагогикалық пәндер бойынша «Білім» мамандықтар тобының бағытына енетін «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Мектеп және адамзат педагогикалық ойлары тарихы», «Педагогика», «Тәрбие жұмысының әдістемесі» пәндерінің, педагогикалық практиканың типтік оқу бағдарламаларын дайындады. Жаңа буын «Педагогика» оқулықты қазақ және орыс тілдерінде 3 басылымда (2003, 2005, 2007 жж.) жарыққа шығарды. Аталған оқулықтың құндылығы мен артықшылығы - мектеп педагогикасы мәселелерін тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастырады. Дәрістер мазмұны педагогикалық үдерісте тұлғалық - іс - әрекеттік және субъект-субъекттік тәсілдерге негізделеді.


Кафедраның ғылыми - зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-теориялық және практикалық конференциялар өткізу арқылы болашақ мұғалімнің біліктіліктілігін арттыруға бағытталды.


Осы жылдары кафедраның ПОҚ бірқатар оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар дайындалды: Н.Д. Хмельдің орыс және қазақ тілдерінде! «Тұтас педагогикалық үдерісті іске асырудың теориясы және технологиясы» (2005ж.); В. В.Трифонов, Г. Т.Хайруллин, А. А.Андаспаева «Болашақ мамандардың тұлғасын әлеуметтендірудің теориясы және практикасы» (2006); Р. К.Төлеубекова, Е. О. Жұматаева «Этнопедагогика» (2007); Г. Т.Хайруллин, Г. С. Саудабаева «Қазіргі заман оқушысына кәсіби бағдар беру» (2007ж.) және т.б.


Кафедрада жаңа ғылыми мектептер қалыптасты. Жаңа ғылыми мектептерге А.А. Бейсенбаева, Г.Қ. Нұрғалиева, С.А. Узақбаеваның мектебін жатқызуға болады.

 

582
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler