қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2019

«Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасы мен педагогикалық идеялары» семинары

 

2019 жылдың 29 қарашасы күні Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаеваның жетекшілігімен 6М010100 - Мектепке дейіні оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-курс магистранттары Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасы мен педагогикалық идеялары» тақырыбында семинар өткізді.


Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
Ғылыми кеш сайыс формасында жүргізілді. «Жалын» және «Қаламгер» топтары жарысқа түсті.

 

Жарыс 5 кезеңнен тұрды:
1. «Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы» атты ғылымдар тоғысын талдау презентациясын көрсету;
2. «Әл-Фарабидің педагогикалық идеяларын өз тәжірибиемде қалай пайдаланамын», эссе;
3. «Фараби тағылымы» викториналық сұрақтар жарысы;
4. «Ұстаздардың ұстазына» арнау өлеңдер сайысы;
5. «Қайырымды қала тұрғындары» тақырыбында көрініс көрсету.


Әл-Фараби шығармашылығы - әлем мәдениетінің жарқын беттері. Оның ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесі шексіз. Ойшылдың шығармашылығының сан қырлылығы, оның ғылымның әр саласындағы қарастырған мәселелері өсіп келе жатқан ұрпақтың әл-Фараби мұрасына деген қызығушылығын тоқтатпайтыны ақиқат.


Семинарға Педагогика және психология институты директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Бағдат Мажинов және кафедраның профессор-оқытушы құрамы мен 2-3 курс студенттері мен магистранттар қатысты. Семинар соңында көрермендер өз ойларымен бөлісіп, ғылыми ой-пікірлер ортаға салынды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler