қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2019

«Докторанттардың шетелдік тағылымда нәтижелері» семинары

 

2019 жылдың 29 қарашасы күні Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «Докторанттардың шетелдік тағылымдама нәтижелері» тақырыбында семинар өткізілді.


Семинардың мақсаты - докторанттардың шетелдік тағылымдама нәтижелерін талдау, шетелдік тәжірибемен бөлісу.


Семинарды кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева жүргізіп, кафедра профессор-оқытушыларын өз ойларымен бөлісуге шақырды.


Семинар барысында шетелдік тағылымдамадан келген докторанттар Алия Қонысбаева, Гульмира Мышбаева, Сандуғаш Тілеубай, Алтынай Жакупова, Ардақ Мұхамеджанова, Толқын Жұмашева, Сауле Еркебаева, Мақпал Бакетова, Лайра Тайтелиева, Айжан Тусуповалар есеп беріп, баяндама жасады. Докторанттар Донггук университетінің (Сеул, Оңтүстік Корея), Гази университетінің (Түркия), Б.Гринченко атындағы Киев университетінің (Украина) тәжірибелерімен бөлісті.


Ғылыми тағылымдама барысында докторанттар университеттердің кітапханаларына барып, докторлық диссертация жазуға қажетті әдебиет көздерін іздестіріп, оларға талдау жасап, импакт-факторы бар журналдарға мақала жариялау үшін кеңестер алған.


Бұл шетелдік университеттердің барлығында докторантура деңгейінде жоғары ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті барлық жағдайлар бар.


Бұл бастамалар университеттердің профессор-оқытушы құрамына, студенттеріне, жас ғалымдарына ғылымның әр түрлі салаларынан ауқымды білім алуға мүмкіндік беретінін атап өткеніміз жөн. 

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler