қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2019

ЖОО-ның ынтымақтастығы


5В010200- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4-курс студенті Белова Наталья Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бойынша оқиды. Ол алғашқы күндерінен бастап университеттің оқу үдерісіне белсенді араласты. Сонымен қатар семинарлар мен шебер-сыныптарға қатысты: «Жалпы білім беретін мектептегі экологиялық білім беру жүйесі: мұғалім мен оқушының рөлі», «Жақсы мұғалім біршама актер: шешендік өнер негіздері», «Болашақтың мұғалімі: білім беру және кәсіби стандарттарды енгізу жағдайындағы инновациялық қызмет», Сандық ортаның «кері жағы»: өмірге қарсы мінез-құлық», «Болашақтың мұғаліміне арналған құралдар», ол өзінің педагогикалық шеберлігін арттырып және қосымша кәсіби дағдыларды меңгерді.

 

Наталья жыл сайынғы орыс әдебиеті апталығының аясында шетелдік университеттің өкілі ретінде ертегілер сайысына қазылар алқасының мүшесі болды. Әдістемелік презентация конкурсында «Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеуін дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Қарашаның 1 мен 4 аралығында ол «Үлкен этнографиялық диктант» деп аталатын жалпыресейлік науқанға қатысып, межелі 100 ұпайдың 91-ін жинады. Наталья біздің университетті лайықты түрде көрсете алды. Оны қол жеткен табыстарымен құттықтаймыз.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler