қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2019

«Абай тағылымы» әдеби-танымдық кеші

 

2019 жылдың 28 қарашасында Педагогика және психология институтында «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгеруші Ұлболсын Қыяқбаеваның ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курс студенттерімен бірлескен «Абай тағылымы» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.

 

Әдеби-танымдық кештің ашылу салтанатында Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов құттықтау сөзін айтып, Абай мұрасынан сыр шертіп, сайысқа қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.

 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген «Абай тағылымы» әдеби-танымдық кешінің қонақтары және әділ-қазы мүшелері «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Борасын Иманбердиев, «Хәкім Абай» ғылыми зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Бағдат Мажинов, Мансап орталығының бастығы Рақымберді Жетібай және кафедраның профессорлары Исламия Халитова, Ақсауле Манкеш және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

«Абай тағылымы» әдеби-танымдық кешінде студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты бірнеше сайыстар бойынша бақ сынасты.

 

Сайыс кезеңдері:

1. «Абай мұрасының рухани тәрбиелік тағылымдары» - эссе (үй жұмысы);

2. «Абай тағылымы-ұрпаққа үлгі» - бейнетаспа;

3. «Абай оқулары» - мәнерлеп оқу;

4. «Абай тағылымы -мәңгілік азық» - көрініс;

5. «Құлақтан кіріп бойды алар...» - ән байқауы.

 

Қорыта келе, Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болады деген мақсатты ұстанған студенттер өздерін жан-жақты көрсетіп, Абай шығармашылығына ерекше мән беріп, қара сөздері мен «Абай» жолы роман эпопеясынан көрініс қойып, өлеңдерін үш тілде жатқа айту арқылы Абай Құнанбаевтың кемеңгер ойшыл, данышпан ақын ретінде әлемге танымал екендігін тағы да бір дәлелдеді.

 

Сайыс қорытындысы бойынша білім алушыларға жүлделі орындар беріліп, ерекше көзге түскен студенттер Алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды.

 

Бас жүлде: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курс 4-топ, 3 (ж)- топ эдвайзері п.ғ.м., аға оқытушы Дариға Әзімбаева;

1-ші орын: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курс 1-топ, 4 (ж)-топ эдвайзері п.ғ.м.,оқытушы Жанна Асанханова;

2-ші орын: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курс 3 - топ, 4 (ж) - топ эдвайзері п.ғ.м., аға оқытушы Меруерт Шауенова;

3-ші орын: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курс 2 - топ, 4 (ж) - топ эдвайзері п.ғ.м., аға оқытушы Ғалия Абилбакиева.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler