қазақша · русский · english
 
 
 
21.10.2019

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары

 

2019 жылдың 17 қазаны күні Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мектепке дейінгі ұйым мамандарының кәсіби іскерлігін жетілдіру мәселелері» та0ырыбында ғылыми - дөңгелек үстел өткізілді.


Дөңгелек үстелдің мақсаты:жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мектепке дейінгі ұйым мамандарының кәсіби іскерлігін жетілдірудің мүмкіндіктерін анықтау.


Дөңгелек үстелдің жұмысы Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева құттықтау сөзімен басталды.


Дөңгелек үстел барысында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі Ағима Маханбетова, Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, тренер Әсима Рысқұлбекова, ЖШС «Дана» Жекеменшік білім беру мектебі, «Еркем-ай Алматы» ЖШС балаларды оқыту мен тәрбиелеу орталығы, «Жаңа Жетісу Білімі» Қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Күләнда Батырбекова іс- тәжірибелерімен бөлісіп, өз баяндамаларын қорғады.

 

Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, Ғылым департаментінің директоры Саябек Сәхиев, Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) деканы Ғалия Таубаева баяндамаға қатысты өз ойларын ортаға салды.

 

Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуда өзекті мәселелерді сөз етіп, жеке меншік балабақшалармен тығыз ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне тоқталды. Ол қатысушыларға арналған сөзінде бұл ғылыми кездесу тек қана ақпараттық қана емес, сонымен қатар өзінің мазмұндылығымен, жаңашылдығымен есте қалатынын атап көрсетті.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler