қазақша · русский · english
 
 
 
15.10.2019

«100 жаңа оқулық» жобасы аясында кітаптардың презентациясы өтті

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастырумен 2019 жылдың 10 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «100 жаңа оқулық» жобасы аясында психологиядан қазақ тілінде аударылған кітаптардың презентациясы өткізілді.


Презентацияда Д. Майерcтің «Әлеуметтік психология», Э.Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз», Д.П. Шульцтің «Қазіргі психология тарихы», П.Уоллейстің «Интернет психологиясы», С.П. Роббинс және Т.А. Джадждың «Ұйымдық мінез-құлық негіздері» кітаптары ұсынылды.


Іс-шараға жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Сатова, доцент Бақыт Жігітбекова, PhD доктор Гүлмира Ниетбаева, аға оқытушы Майра Қуанәлі, сонымен қатар 3-ші курстың «Психология» бөлімінде оқитын 20 студент, 2 докторант және 10 магистрант қатысты.


Іс-шара аясында презентацияға қатысушылар әр кітаптың әрбір тарауларына тоқталып, заманауи психология ғылымындағы жаңа, әрі қызықты зерттеулермен танысты.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler