қазақша · русский · english
 
 
 
21.04.2020

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы толығымен қашықтан оқытуға көшті


​Елімізде болып жатырған төтенше жағдайларға​ байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындары коронавирустық індеттің жайылуын болдырмау мақсатында қашықтан білім алу (онлайн-білім беру) жүйесіне толық көшкен болатын.


​Осыған байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері жұмысының жаңа форматына көшуі туралы өкіміне сәйкес Педагогика және психология институты​ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедарсының профессор-оқытушылар ұжымы заманауи сын-қатерлерге толығымен бейімделіп, MOODLE, ZOOM, GOOGLE MEET, SKYPE, KAHOOT, WHATSAPP, MAIL.RU, GOOGLE CLASSRROOM​ және т.б. платформаларын жан-жақты игеріп, қазіргі қашықтан білім беру жүйесінде қолдануда.


​Кафедрамыздың профессор-оқытушылары магистрант және студенттерімізбен бірлесе белсенді түрде әртүрлі форматта вебинар сабақтарын, видеодәрістер, тәрбие сағаттарын, сонымен қатар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай түрлі онлайн іс -шараларын өткізуде. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес Moodle платформасында семинар, СӨЖ, СӨОЖ, аралық бақылау жұмыстарын тексеріп, Zoom, Google Meet жүйелері арқылы онлайн-дәрістер, вебинарлар және видеоконференцияларды жоғары дәрежеде өткізіп, бағаларын «Univer» жүйесіне уақытылы қойып отыр.


​Ал студенттер мен магистранттар бекітілген кестеге сәйкес аралық бақылауға дайындықты үзбей, қашықтан білім берудің заманауи технологиялары мен артықшылықтарын белсенді түрде орасан зор қызығушылықпен қабылдап, меңгіріп алды. ​Алдағы уақытта көктемгі сессияға деген дайындықтар жүргізу, білімгерлердің онлайн форматта өтетін емтиханға деген дайындығын ұйымдастыру және оның ережелерімен таныстыру, Университетіміздің «Адалдық» кодексінің сақталуын қадағалау мақсатында эдвайзерлік сағаттар өткізілуде.

 

   

 

   

 

    




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler