қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2020

Қашықтан оқыту - заман талабы

 

2020 жылдың 13 сәуірінде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы Жанна Асанханова «6В012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» мамандығының 1-ші курс (4жылдық), 1-топ студенттерінің қатысуымен «Қашықтан оқыту - заман талабы» тақырыбында онлайн-семинар Zoom платформасында (конференция идентификаторы 987-219-1944) өткізді.

 

Онлайн-семинарда қашықтан оқыту түсінігі, қашықтықтан оқытудың пайдалы тұстары мен қиыншылықтары туралы сұрақтар қарастырылып, талқыланды. Студенттер өз ойларын айтып және қазіргі кездегі қашықтан оқуда үйренген тәжірибелерімен бөлісті.

 

Семинар соңында оқу платформаларының пайдаланудағы ерекшеліктері туралы пікірлер тыңдалып, қорытынды жасалды.

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler