қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2020

Педагогикалық шеберліктен халықаралық байқау

 

Педагогика және психология институтының БОПӘ кафедрасы педагогикалық шеберлік бойынша 2-курс студенттері арасында жыл сайын байқау өткізіп отырады. Байқаудың мақсаты - болашақ мамандардың педагогтік мамандыққа және оның мәртебесінің жоғарылауына қызығушылығын ояту, студенттердің жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Байқау аясында студенттер өз мамандықтары мен командаларын сипаттайтын бейнероликтер дайындады, идеал оқушы моделін, сабақ жоспарын жасады.

 

Байқау өтетін күн карантин енгізілуіне байланысты өзгерді. 2020 жылы 13 сәуірде алқа мүшелері М.Бегалин атындағы № 120 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері Л.В Дрыгина, Н.В Зыбина, А.А Коткова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н.Дерикошма, сондай-ақ біздің кафедра түлегі - № 68 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі А.В Кондрашевалар байқаудың қорытындысын шығарды.

 

1-дәрежелі дипломмен Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті командасының (Пермь, Ресей) студенттері Шкляева Виктория, Шигабетдинова Александра, Черноскулова Ксения, Софронова Елена (жетекші- п.ғ.к., доцент Волкова Л.В.) марапатталды.

 

Екінші орынды екі команда иеленді: Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚазҰҚПУ. Біздің Абай атындағы ҚазҰПУ-дан Манахова Анастасия, Чайкина Татьяна, Махамедиева Ситора, Абдухакимова Лейла (жетекші - п.ғ.м. Рябова Е.В.), ал ҚазҰлтҚызПУ-дан Расаматова Севара, Миркаримова Доно, Коваленко Арина, Абдуяхяева Зухра (жетекші - к.п.н., ассоц. профессор м.а. Агеева Л.Е.) қатысты.

 

Үшінші дәрежелі дипломға да екі команда ие болды. Байқауға Казан Федеральді (Казань, Ресей) университеті атынан Сайфуллина Алсу, Савельева Алина, Никогосян Мариам, Пустовая Валерия (жетекші - профессор Закирова В.Г., п.ғ.к. Каюмова Л.Р.), Поморский Академиясынан (Слупск, Польша) М.О.Алексанровичтің жетекшілігімен Гонта Марья, Павленко Анастасия, Смирнова Александра қатысты.

 

Бұл байқау біздің өзімізді-өзіміз жетілдіруімізге, өзара тәжірибе алмасуымызға мемлекеттер арасындағы шекаралар мен төтенше жағдайлардың енгізілуінің бөгет жасамайтынын көрсетті.

 

   

 

   

 

    

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler