қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2020

«Көктемгі сессияға дайындықты ұйымдастыру» онлайн-жиналыс

 

Бүгінде елімізде COVID-19 вирусына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындары короновирустық індеттің жайылуын болдырмау мақсатында қашықтан білім алу (онлайн-білім беру) бағдарламасына ауысқаны бәрімізге мәлім.

 

Осыған байланысты 2020 жылдың 10 сәуірінде Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Педагогика және психология институтының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Ақтоты Ақжолованың ұйымдастыруымен, институттың аға эдвайзерлерінің қатысуымен «Көктемгі сессияға дайындықты ұйымдастыру» тақырыбында жиналыс онлайн режимінде ZOOM платформасында өткізді.

 

Жиналысқа Педагогика және психология институтының диспетчері Ақниет Баймуқаева, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға эдзайзері - Жанна Асанханова, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға эдвайзері - Гаухар Қамза, Педагогика және психология кафедрасының - аға эдвайзері Құрманғазы Ағыбай, Арнайы білім беру кафедрасының аға эдвайзері - Гаухар Ибатова, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы - Айнур Садреймова және институттын аға эдвайдері - Жақсыгүл Исаева қатысты.

 

Онлайн-жиналыс барысында қашықтан оқытуда білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау, көктемгі сессия «Прокторинг» жүйесі арқылы өтетінін және тапсыру барысындағы талаптарды орындау қажет екендігін студенттерге жеткізу. Әр кафедрадан 3-4 ПОҚ тізімін бақылаушы ретінде дайындау керек екендігі, сессия тапсыру барысында білім алушыларымыз университетіміздің «Адалдық кодексін» сақтауы, эдвайзерлер топ студенттерімен және шет елдік студенттермен үнемі байланыста болып, интернет жүйесіне қосылуы мен компьютерге қол жетімділігі туралы қадағалап отырылуы тапсырылды.

 

Дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды қорғау онлайн режимде өткізілуі мүмкін деген мәселелер және басқа да өзекті атқарылуы керек жұмыстар талқыланды.

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler