қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2020

Педагогика және психология кафедрасы толыққанды онлайн режимге көшті


Бүгінде елімізде COVID-19 вирусына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындары коронавирустық індеттің жайылуын болдырмау мақсатында қашықтан білім алу (онлайн-білім беру) бағдарламасына ауысқаны бәрімізге мәлім.

 

Осыған байланысты Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Т. Балықбаевтың университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері жұмысының жаңа форматына көшуі туралы өкіміне сәйкес (http://www.kaznpu.kz/kz/2458/notice/) педагогика және психология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы заманауи сын-қатерлерге толығымен бейімделіп, ZOOM, Youtube, LearningApps, Kahoot Facetime, Skype, WhatsApp және т.б. IT-білім беру технологияларын пайдалана отырып, қашықтан білім беру жүйесін игерді.


Кафедра профессор-оқытушылары студенттермен белсенді түрде жұмыс жасайды. Үнемі сабақ жоспарына сәйкес байланыста болып, онлайн-дәрістер, вебинарлар және видеоконференцияларды жоғары дәрежеде өткізіп жатыр.

 

Ал студенттер мен магистранттар бекітілген кестеге сәйкес аралық бақылауға дайындықты үзбей, білім берудің заманауи технологияларын белсенді түрде орсан зор қызығушылықпен меңгеріп, қашықтықтан оқытудан өтуде.

 

   

 

   

 

      

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler