қазақша · русский · english
 
 
 
14.01.2020

«Өмір мәні мен акменің психологиялық мәселелері» халықаралық симпозиумнің Төртінші Қазақстан жастар секциясы

 

2020 жылдың 11 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында «Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» халықаралық симпозиумнің Төртінші Қазақстан жастар секциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар: Ресей білім академиясының «Психологиялық институты» (Мәскеу қ.), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы, «International students` council office» Шетелдік білім алушыларды бейімдеу және қолдау орталығы; «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «ДИАЛОГ аудармашылар одағы» БҚ; «Орта Азиядағы логотерапия» ұйымы.

 

Симпозиум жұмысына «Тұран-Астана» университеті (Нұр-Сұлтан қ.), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Қайнар» университеті (Алматы қ.), Баишев атындағы университеті (Ақтөбе қ.), Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Атырау қ.), І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университеті (Талдықорған қ.), Қарағанды медициналық университеті (Қарағанды қ.), Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қ.), Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институты (Арқалық қ.), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл қ.), М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің (Тараз қ.) өкілдері, Алматы қ. және Алматы облысы, ШҚО Аягоз қ., Тараз қ. мектеп, гимназия және лицей оқушылары қатысты.

 

Қазақстан жастар секциясына Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының шетелдік білім алушылары белсенді қатысты: Ян Ле (ҚХР), Арлан Лебуланже (Франция),Байрам Розыев және Анита Халназарова (Түрікменстан). Ғылыми жетекші - халықаралық симпозиумның Қазақстан жастар секциясының басшысы, 2-ші курс докторанты Сәуле Исалиева (6D010300 - Педагогика және психология мамандығы).

 

1-ші курс магистранты Ян Ле (7М04104 - Қаржы) «Жобалаудың өзіндік ерекшелігі үшін» І дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler