қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.09.2016
2016 жылдың 2 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық-кеңес беру орталығы» Ғылыми-практикалық орталығының директоры, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор З.А. Мовкебаева модератор ретінде «Намыс» жоғары білімі бар мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлекстігімен ұйымдастырылған «ҚР-да инклюзивті білім беру жүйесін даму» вебинарына қатысты.

31.08.2016
2014-2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының жалпы мемлекеттік рейтингісі шығарылды. Статистикалық ранжирлеудің нәтижесі бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі "Өткен жылдың қаржы қайтарымы" аталымы бойынша Қазақстан Республикасында екінші (алтын) орынға, және Алматы қаласы бойынша да екінші (алтын) орынға ие болды.

20.06.2016
Академиялық ынтымақтастық шартының аясында 13 мен 18 маусым аралығында Слупск қаласындағы Помор академиясының (Польша) делегациясы Абай атындағы ҚазҰПУ-не келіп қайтты. Сапарды ұйымдастырумен Н.П. Абуева басшылығымен Халықаралық ынтымақтастық басқармасы айналысты. Делегация жаңа тағайындалған академияның ректоры Збигнев Осадовский мен неофилология Институтының профессоры, орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Галина Львовна Нефагина құрамында келді.

08.06.2016
2016 жылдың 7 маусымында превентивті суицидологня және ҚР-ы ЖОО-ы үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кенес беру орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-ң п.ғ.д., профессор З.А. Мовкебаева мен орталық әдіскері Бейсенова А.Б. және мүгедек және мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін жоо-ң кеңестік-тәжірибелік орталығының директоры Маженов Б.М. «Арман» кинотеатрында «Быть или не быть?» әлеуметтік фильмінің тұсаукесеріне қатысты.

01.06.2016
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, педагогика ғылымының докторы, профессор Г.А. Умановтың 85 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Педагогикалық білімін жүйелі жаңғырту: мәселелері, шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

27.05.2016
Назарбаев университетінің тәжірибесін университеттерге тарату аясында, білім, ғылым, қаржы, халықаралық бағыттарына автономдық принціпін енгізу мақсатымен 2016 жылдың 26 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында ҚазҰПУ мен ҚазҚызМемПУ топ-менеджерлеріне (40 адамға) қосымша білім беру департаменті Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілі Даурен Әбеннің ұйымдастырумен «Жоғары білімді басқару және менеждмент» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.



« басы ... < алдығы ...  180  181  182  183   184  185  186  187  188  ... келесі > ... аяғы »