Негізгі бет
Жаңалықтар
09.12.2019 Мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрудың жолдары
2019 жылдың 7 желтоқсанында «Мансап» орталығы «Smart sudents» жастар бастамаларын қолдау орталығымен бірге «Мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрудың жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинардың спикері ретінде Алматы қаласы мемлекеттік істер жөніндегі департаментінің бас маманы Гүлсім Арынқызы сөйледі. Семинарға педагогикалық емес мамандықтың 4-ші курс студенттері қатысты. Студенттер спикерге түрлі сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Семинар соңында спикер Гүлсім Арынқызы студенттерге мемлекеттік қызметтегі бос орындар жайлы хабарлады.
«Мансап» орталығы |