қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.10.2017

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ

ӘЛЕМ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

 

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ  Х А Т

 

Құрметті әріптестер!

 

        Сіздерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы «Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар: тарихы және қазіргі кезеңдегі  дамуы» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция жұмысына қатысуға  шақырады.

Конференция 2017 жылдың 24 қарашасында өтеді.

 

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі деп жоспарлануда:

 

Пленарлық мәжіліс.

 

І-секция. Халықаралық қатынастар және Орталық Азия мемлекеттерінің саясаты.

 

ІІ-секция. Орталық Азия мен  шектес мемлекеттердегі этносаяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістер.

 

ІІІ-секция. Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдегі  жаңа құқықтық жүйенің  қалыптасуы мен дамуының мәселелері.

 

ІV-секция. Орталық Азия елдері: әлемдік оқыту кеңістігіне кіруінің мәселелері мен болашағы(перспективалары).   

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Материалдарды рәсімдеу тәртібі:  мәтіннің көлемі толық 4-7 бетке дейін, А4 форматында, WINWORD XP, WORD 97-2003 немесе 2007, шрифт - Times New Roman, Кегель 14, жол арасындағы интервал 1,  азат жол - 1,25см.  Жоғарғы және төменгі шеттері - 20мм., сол жағы - 30мм., оң жағы - 10 мм.

Мақаланың рәсімделуі: Баяндама тақырыбы бас әріппен бір жолдан кейін оң жақ бұрышына жай әріппен, автордың аты-жөні ғылыми дәрежесі, одан бір жол төмен мекеме, қала аты жазылады. Келесі жолдан негізгі мәтін басталады. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі. Мысалы, [1, 17-б]. Мақаланың соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.  Қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылған мәтін үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде түйіндеме (резюме) беріледі. Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген мекен-жайға электрондық поштамен жіберілуі керек: mereke_55@mail.ru. r.r.r.a@mail.ru, nadira_kyrymzhanova@mail.ru. Файл аты мақала атымен аталуы шарт.

  Конференцияға қатысу үшін мақалалар 10 қараша 2017 ж. дейін ұйымдастыру комитетіне жіберілсін. Конференция жұмысына қатысушылардың іс-сапары шығындары жіберуші ұйым тарапынан.

            Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25.

 Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, «Әлем тарихы» кафедрасы - 604 каб. Тел. (7272) 291-63-54,. Сот. 870276098-54;  87477791155;  87011250235

            Талаптарға сай болмаған, белгіленген уақыттан кешіктірілген мақалалар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Ұйымдастыру комитеті

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________________________________

Лауазымы: ______________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: ______________________________________________________________

Байланыс телефоны: ______________________________________________________________

Автордың адресі:________________________________________________________

Факс, E-mail ______________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:_____________________________________________________