қазақша · русский · english
   
Абайтану ғылыми-зерттеу орталығы

 

Орталықтың атауы:  «Абайтану» ғылыми- зерттеу орталығы.

Орталық құрылтайшысы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті.

Орталық классик ақынның есімін иеленген қазақтың жоғары оқу орындарының қара шаңырағында Абай Құнанбайұлының шығармашылығын танып-білуді жаңа сапалық деңгейге көтеру мақсатында университет ректоры п.ғ.д., профессор С.Ж.Пірәлиевтің бастамасымен 01.09.2008 жылы құрылды.

Орталық қызметкерлерінің жалпы саны - 6, оның ішінде - 1 филология ғылымдарының докторы, профессор, 3 филология ғылымдарының кандидаты және 1 магистр жұмыс істейді. Орталықтың директоры - абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Шойынбет. Ол Абай қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі туралы диссертация қорғаған. Орталықтың кеңесшісі - көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, абайтану іліміне аса зор еңбек еткен зерттеуші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы. Орталықтың 2 қызметкері: филология ғылымдарының кандидаты, доцент - М.Бекбосынов пен М.Әліпхан. Б.Бекбосынов Абай шығармаларындағы отаршылдыққа қарсы сарын, М.Әліпхан Абай мен Жүсіп Баласағұн арасындағы шығармашылық сабақтастық туралы диссертация қорғаған.

 

Қызмет түрлері мен мақсаттары


Орталық қызметінің негізгі мақсаты - Хакім Абайдың қазақтың даналығын бойына сіңіре отырып жазған шығармашылығын жас ұрпақ тәрбиесіне жүйелі енгізу әрі ақын мұрасын оқырман көпшілікке насихаттау.

Көзделген мақсатқа жету үшін Орталық мынадай іс-шараларды жүзеге асыруда:

- Университеттің барлық факультет студенттеріне жаңадан «Абайтану» пәнін енгізіп, тың танымдағы мазмұнда дәріс өту және шәкірттерге ғылыми көмек беру;

- Жоғары оқу орындарына арналған жаңа мазмұндағы «Абайтану» пәнінің типтік бағдарламасы мен оқулығы жазылды;

- Мектептің 5-9 сыныптарында өтілетін «Абайтану» пәні бойынша оқулық-хрестоматия дайындалды;

- Абайтану тарихында өзіндік орны бар әрі сирек кездесетін еңбектер ғылыми сараланып, оқырмандарға ұсынылуда;

- Хакім Абай данышпандығының тың мән-мазмұнымен таныстыратын зерттеу жұмыстары жазылып, жариялануда;

- Ақынның өлеңдерін, қарасөздерін, әндерін насихаттау үшін студенттердің Республикалық «Абай әлемі» конкурсын өткізіп отыру;

- «Абай мектебі» пікір-сайыс тобын ұйымдастырып, оны жүйелі жүргізіп отыру;

 

Ғылыми бөлімшелердің аты

Мекеме

басшысы

Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, атағы

Мекен-жайы

Тел.

 

1

«Абайтану» ғылыми зерттеу орталығы

директор

Жабалбай Шойынбет Алшынбекұлы

филология ғылымдарының кандидаты

Достық13, бас оқу ғимараты, 310 кабинет

жұм. 291-65-41

сот. 87014110070

 

2

«Абайтану» музей-кабинеті

 

М.Бекбосынов

М.Әліпхан

филология ғылымдарының кандидаттары

Достық13, бас оқу ғимараты, 215 кабинет

жұм. 291-20-03

 

 

 

 

«Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері туралы мәлімет

 

Аты-жөні

Атқаратын қызметі

Ғылми дәрежесі, атағы

ЖОО-дағы еңбек өтілі

туған жылы, айы, күні

мамандығы

1

Шойынбет Жабалбай Алшынбекұлы

директор

филология ғылымдарының кандидаты

28

08.13.

1955ж.

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

2

Мырзахметұлы Мекемтас

кеңесші

филология ғылымдарының докторы

55

09.05.

1930ж.

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

3

Әліпхан Мақсат

аға ғылыми қызметкер

филология ғылымдарының кандидаты қалыптанған профессор

24

08.05.

1963ж.

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

4

Бекбосынов Марат

инспектор

филология ғылымдарының кандидаты, қалыптанған профессор

15

24.07.

1961ж.

филолог, қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы

5

Шойынбет Балжан

инспектор

педагогика ғылымдарының

магистрі

8

16.09.

1982ж.

филолог, қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы